Шарап жасаушылар ережесі: Arba Wine - AlmaU студенттері үшін!

Жаңалықтар

Желтоқсан 07, 2015

Шарап жасаушылар ережесі: Arba Wine - AlmaU студенттері үшін!

2015 жылдың 4 желтоқсанында Алматы Менеджмент Университетінде ( бұрынғы ХБА) МІҚБ (мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі) мамандығы бойынша сомельеге  практикалық кіріспе курсы аясында университеттің студенттері Arba Wine компаниясының шарап зауытына және жүзімдігіне барды.

Бұл AlmaU үшін де әрі  Arba Wine үшін де осы курс аясында ұйымдастырылған бірінші кездесу болды.  Осыған дейін компания студенттер үшін осындай экскурсиялар өткізбейтін.  AlmaU  білім беру саясатына сәйкес жоғары оқу орнының практикалық курстары отандық үздік компанияларға экскурсияға шығуды, жетекші мамандардан үйрену, өндірістің жаңа технологияларымен танысуды  ұсынады.

Барлығы  экскурсияға  100 студент барды. Алғашында  AlmaU оқытушылары Инара Ким және  Анастасия Наумецкая бастаған студенттер  Қаракемерде орналасқан Arba Wine «ескі» жүзім алқабын көрді. Олар кең алқапты (150 гектар), қыс алдында  топырақпен көмілген жүзімнің сабақтарын көрді.

Компанияны дамыту бойынша директор Әсем Тусупбаева осы жүзімдіктің тарихын айтып берді: оны «ескі» деп атау себебі кеңес үкіметі кезінде бұл жер Плодовик совхозының жүзім алқабы болған. 1985 жылы басталған горбачевтік антиалкогольді кампания кезінде  осы жердегі жүзімдік де түгелімен құртылған еді.  

Содан кейін, 25 жыл өткеннен кейін  Arba Wine компаниясы осы жерге жақын жерден жас жүзімдіктерді өсіре бастаған еді, олар атақты сомельешілер  Марио Фригони және  Донато Ланатидің кеңесі бойынша  ескі жүзімдіктерді қайта қалпына келтіруді де қолға алады. Сарапшылар анықтағандай 25 жыл күтімсіз өскен жүзім сапасы жоғары болып шықты.

Студенттер жүзімдердің түрлі  сұрыптары жайлы көптеген жаңа нәрселер білді: ркацители, гевюрцтраминер, рислинг, пино нуар, саперави, каберне фран, шардоне және басқа. Енді AlmaU студенттері Arba Wine қазақстандық шарап жасаушылар еңбектерінің қаншалықты  қиын, еңбекті көп керек ететін жұмыс екенін өз көздерімен көрді. Қазақстандағы  шарап жасау үдерісінің Еуропадағыдан айырмашылығы бар, себебі  қазақстандықтардың көбірек күш салуларына тура келеді. Дегенмен, нәтижесі тұрарлық. Бүгінгі ҚР шараптары сапасы жағынан Еуропадағы бәсекелестердікінен кем емес, кейбіреулері артық та сияқты. Оның себебі- керемет жүзімдіктер, табиғат жағдайы, тамаша құнарлы топырағы. Атап кету керек, компания тыңайтқыштар түрінде тек органиканы қолданады екен, ешқандай химикаттар жоқ!

Жүзімдіктен кейін  AlmaU студенттері  Arba Wine шарап зауытына барды. Өз көздерімен шарап ашытатын жерді көрді, Әсем Тусупбекованың айтуынша, бұның (экстерьер, жабдықтардың сапасы, тазалығы бойынша) ТМД елдерінде баламасы жоқ.

Зауыттың бас  инженер-механигі  Игорь Четвериков айтқандай, зауыттың бүкіл жабдықтары, бөтелкелері, сақтауға арналған бөшкелері, шарап тығындары және затбелгілері, негізінен,  Италиядан, сонымен қатар Франциядан және басқа да Еуропа елдерінен алынады екен. Игорь бұның компанияға қажет екенін студенттерге былай түсіндірді: «Өкінішке орай, өзіміздікі немес ресейдікі бұл жерде жоқ, себебі олардың өнімі бізге қажетті сапаға жетпейді. Мәселен, ресейлік шарап бөтелкелерінің қалыңдығы 1-ден 5 мм-ге дейін «құбылып тұрады», ал бізде шараптар 3-4 жылдан бір-бірінің үстінде жатады. Егер де шыны шыдамай, жарылып кетсе, компания шығынға ұшырайды».

Игорь сонымен қатар студенттерге жүзім қалай қабылданып, қалай өңделетінін айтып берді, ақ сұрыптардың қызық сұрыптан айырмашылығын түсіндірді.  

Экскурсия аяқталғаннан кейін қонақтарға дәмді палау, бауырсақпен шай берілді. Студенттер дастарқанға, көргендеріне дән риза болды. Алған әсерлері көп зор.

Әсем  Тусупбаеваның айтуынша, Arba Wine жүзім алқабына, шарап зауытына еліміздің үздік оқу орындарының бірі келуі  компанияның әлеуметтік жауапкершілігі стратегиясына сай келеді: «Осы сапардың мақсаты – нақты заманауи өндірісті  көрсету. Студенттерге бұл өте керек: олар қоғамдық тамақтандыру, шарап жасау  саласында жұмыс істейді. Біз оларға Қазақстанда еуропалық үлгідегі үздік технологиялармен жабдықталған шарап жасайтын жер бар екенін  көрсеткіміз келді».

 AlmaU студенттері  экскурсиядан кейін Қазақстанда осындай жұмыстар жасалып жатқанына риза екендерін айтты. «Біз елімізде әлемдік сапамен шарап шығаратын компания бар екенін мақтаныш тұтамыз»,- деді студенттер.

Бөліс: