2019 жылдың 5-9 тамызы аралығында AlmaU – Жауапты бизнес мектебіне серіктес болды
9 тамызда Almaty Management University-де жас кәсіпкерлерге арналған Жауапты бизнес мектебінің бірегей алаңы өз жұмысын аяқтады.
Жауапты бизнес мектебіне кәсіпкерлер, стартаперлер, бизнес және экономикалық мамандықтардың студенттері мен оқытушылары келді. Мектептің ұйымдастырушылары мен серіктестері Қазақстан жастарының ақпараттық қызметі (ҚЖАҚ), Құқықтық саясатты зерттеу орталығы, Almaty Management University (AlmaU) және Нидерланды Корольдігінің Елшілігі болды.
Бұл мектеп жұмысына қазақстандық сарапшылармен қатар шетелдік 6 спикер қатысты. Әр топтың өз бағдарламасы мен тақырыптары болды. Мысалы, студенттер үшін "әлеуметтік кәсіпкерлік" және "корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік" тақырыптарына тректер өткізілді. Кәсіпкерлер "корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік" тақырыбын талқылады. Оқытушыларға "бизнестегі адам құқығы" тақырыбындағы оқу курсын қалай құрастыру керек" атты трек ұсынылды. Спикерлер тренингтерді әр түрлі форматта жүргізді: дәріс, интерактивті, сонымен қатар бизнес-ойындар өткізді.
Аталған мектептің жабылу салтанатында Қазақстан жастары ақпараттық қауымдастығының Бас директоры Ирина Мелдникова қорытынды сөз сөйледі.
"ҚЖАҚ жастар үшін 10 жылдан бері адам құқығы жайлы білім берумен айналысуда. Қазіргі уақытта бізде адам құқығы бойынша екі мектеп жұмыс істейді. 4 жыл бұрын біз адам құқығы тақырыбын қозғаушы тұлғаларға жаңа аудитория ұйымдастыруды ойладық. Бұл алаң жастар арқылы құндылықтарды таратуға мүмкіндік берді. Себебі жас ұрпақ осы құндылықтарды біздің мемлекетіміздің барлық саласына жеткізеді деп есептейміз. Аталған мектеп жұмысына әр түрлі мамандықтағы студенттер қатысты. Біздің ойымызша, бұл тек мектеп жұмысын жандандырды!"- деп өз ойымен бөлісті Ирина Мелдникова.
Келесі қорытынды сөзді AlmaU-дың академиялық даму жөніндегі проректоры Әсел Арынқызы сөйледі. Ол AlmaU мектеп тыңдаушыларының ешқайсысымен қоштаспайтындығын жеткізіп, келесі кездескенше деп жылы лебізін білдірді. Өйткені елдің экономикалық және әлеуметтік дамуын ілгерілетуші идеясы бар адамдарды университетіміздің қабырғасында әрдайым көргенімізге қуаныштымыз- деді.
Жабылу салтанатының басты жаңалығы Әсел Арынқызының AlmaU-дың кәсіпкерлік саласындағы бизнес әкімшілік (КСБӘ) мамандығына осы бизнес мектептің 3 қатысушысына барлық оқу мерзіміне берілетін 3 білім грантының бөлінгені туралы хабарламасы еді.Бұл жас қатысушылар үшін керемет сыйлық болды.
КСБӘ біздің университетте 2018 жылы ашылған жаңа мамандық. КСБӘ мамандығы өз бизнесін ашып, құндылықтарды тарататын жаңашыл тұлғаларға арналған. Сабақтар дәріс форматында да, тәжірибе түрінде де өтеді: олар түрлі кәсіпкерлік жобаларға қатысады. Оқу барысында КСБӘ студенттері өз жобасы мен бизнесін дамыту үшін қажетті білім мен дағдыларды жинақтайды.
Алғашқы кәсіпкерлік жоғары оқу орнында 4 жыл білім алу үшін 3 білім грантының бақытты иегері атанған қатысушылар:
- Батурина Кристина
- Махмуд Карина
- Евгений Леонов
Сіздерді құттықтаймыз! Еліміздің ең үздік кәсіпкерлік жоғары оқу орнында білім алып, болашақта ата-аналарыңыз бен университеттің артқан үмітін ақтайсыздар деп сенеміз!