Профессор Алтын Арынғазина «Университет дамуына қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды
М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің 65 жылдығына орай AlmaU Sharmanov School of Health Sciences профессоры, медицина ғылымдарының докторы, ДДҰ сарапшысы Алтын Арынғазина дөңгелек үстел өткізді. Халықаралық конференцияда «Ғылым мен клиникалардың интеграциясының келешегі» атты ғылыми секцияның модераторы болды.
Профессор Алтын Арынғазина Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы жобалардың ұлттық үйлестірушісі ретінде Халықтың денсаулық сауаттылығы бойынша жобаларға қатысуы туралы айтып берді. Сондай-ақ конференция аясында «Health Literacy as a Powerful Tool to Improve Population Health» (Денсаулық сауаттылығы – халықтың денсаулығын жақсартудың қуатты құралы) атты баяндама жасады.
БҚМУ мерейтойлық конференциясында профессор Алтын Муафиковна «Университеттің дамуына қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды.
2023-2027 жылдар аралығында AlmaU Еуропа елдерімен бірге халықтың сауаттылығын зерттеу бойынша халықаралық жобаларға қатысатынын атап өткіміз келеді.