PhD бағдарламасы бойынша шетелде оқуға қазақстандықтарға 20 грант бөлінді

Жаңалықтар

Қазан 03, 2018

PhD бағдарламасы бойынша шетелде оқуға қазақстандықтарға 20 грант бөлінді

2-3 қазанда Алматы Менеджмент Университетінде «Халықаралық білім берудегі ынтымақтастық күндері» болып өтті.

Екі күнге созылған іс-шаралар тізбегінде The Education University of Hong Kong, University of Loughborough және The HongKong Polytechnic University атты білім ордалары AlmaU-да презентациялар өткізіп, жеке тәжірибелерімен бөлісті.

Сондай-ақ, аталмыш университеттер қазақстандық азаматтарға PhD бағдарламасы бойынша 20 грант табыстауға байқау жариялады.  Байқау бүгін Алматы Менеджмент Университетінде жеке сауалнама түрінде өтті. Сауалнама қорытындысы бойынша топ жарған 20 қазақстандық азамат 2019 жылы The Education University of Hong Kong, University of Loughborough және The HongKong Polytechnic Universitу-де PhD бағдарламасы бойынша тегін оқитын болады.

 

«Халықаралық білім берудегі ынтымақтастық күндері» – «Болашақ» халықаралық стипендиясының AlmaU-дың қолдауымен өткізіп отырған жобасы.

Бөліс: