Парле ву франсе?

Жаңалықтар

Шілде 18, 2016

Парле ву франсе?

2016 жылдың шілде айында  Қазақстандағы Франция елшілігінің мәдениет және ынтымақтастық  бойынша кеңесшісі Гийом Касперский мырза және Алматы қаласындағы Франция  Елшілігінің академиялық және ғылыми ынтымақтастық бойынша атташесі Северин Ван Гастель мырза  Aлматы Менеджмент Университетіне қонаққа келді. 

Қонақтар үшін  кампуспен танысу ұйымдастырылып, олар  инновациялық мұражаймен, университеттің  тарихымен және дәстүрлерімен, жетістіктерімен танысты..

Сапар барысында меймандар жоо-ның бірінші проректоры Курганбаевамен, тілдер орталығының директоры Арад Давармен,  офис-тіркеушісі және академиялық ұтқырлық орталығының директоры Айгүл Суиндиковамен кездесті.

Кездесулер барысында Франция жоғары білім беру саласы бойынша ағымдағы және болашақтағы бірлескен жобалар талқыланды. Инженерлік менеджмент Мектебінің желісімен бірге Францияның "n+i" инженерлік институттарын ашудың ерекше маңыздылығы атап өтілді,  қонақтардың айтуынша, бұл Қазақстан үшін бірегей жоба болмақшы. Гийом Касперский өз сөзінде  BigData (Жаһандық деректер)  бағытын дамыту энергетика саласында өте маңызды рөл атқаратынын, әсіресе, болашақ энергиясына арналған EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмені өткізу қарсаңында маңызы зор екенін атап кетті.

Сондай-ақ,  университет базасында француз тілінің курстарын  ашу мәселелері талқыланды, бұл  студенттер мен оқытушы-профессорлар құрамына Франциямен алмасу бағдарламасына белсенді қатысуға мүмкіндік береді. Айта кету керек, AlmaU-да  алмасу бағдарламасы бойынша 2013 жылдан бастап 20-дан астам Франция елінің студенттері оқыды әрі  қазіргі  уақытта Франция  AlmaU  студенттері үшін  ең танымал бағыт болып отыр. 

Бөліс: