Orientation week: AlmaU «балмұздақтарды» қабылдады

Жаңалықтар

Тамыз 28, 2023

Orientation week: AlmaU «балмұздақтарды» қабылдады

AlmaU бірінші курс студенттерін қабылдады. Студенттер оқуға кіріспес бұрын университет ұжымы бағдарлау апталығын ұйымдастырды.

«Бағдарлау апталығы» дегеніміз не?

Orientation week – жаңа ортаға бейімделу, яғни бірінші курс студенттері ректормен, деканмен және орталықтардың жұмысымен танысып, кездесуі.

«Жыл сайын біз бір мәселеге тап боламыз. Ақпарат көп болғандықтан студенттер оны есте сақтап үлгермейді. Осыған байланысты Студенттерді дамыту орталығы бағдарлау апталығын квест форматында өткізуді жөн көрді. Себебі дәл осындай формат студенттердің есінде ерекше қалатыны анық», - деді  Студенттерді дамыту орталығының жетекшісі Малика Амирова.

 

AlmaU 2.0: өзгеріс кезеңі

         Бағдарлау апталығы ректор Гүлнар Тұрдалықызының құттықтау сөзінен басталды: «Құрметті бірінші курс студенттері, біз сіздерді асыға күттік әрі кездесуге ерекше дайындалдық. AlmaU-да сіз кәсіпкер ретінде ойлауды үйренесіз. Біздің ойымызша, бұл өте қажет дағды. Оң жаққа қарасаңыздар, Қамқоршылық кеңесінің мүшелерін көресіздер. Яғни сіздің бұл адамдармен танысуға мүмкіндігіңіз бар. Биыл белгілі кәсіпкер, Kusto Group-тың негізін қалаушы және директорлар кеңесінің төрағасы Еркін Тәтішев Қамқорлық кеңесінің төрағасы атанды.  AlmaU-да өзгеріс кезеңі басталды».

 

Бағдарлау аптасының ерекшелігі:

Жасанды интеллект және квиз

Биыл орталықтар өз жұмыстарын түсіндіру барысында жасанды интеллекті пайдаланды. Орталық басшыларына ұқсас роботтар сөз сөйледі. Іс-шара соңында квиз ұйымдастырылды. Жеңімпаздарға сыйлықтар табысталды.

Дене шынықтырудың орнына тау және жүгіру

Академиялық даму жөніндегі проректор Әсел Арын бірінші курс студенттеріне оқу бағдарламасын таныстырды:

Оқыту форматы (80% офлайн, 20% онлайн);

Дербестендірілген оқыту (minor – қосымша 1 мамандандық бойынша тегін білім алу);

Академиялық адалдық (AlmaU-да ешкім ешкімнен көшірмейді);

Arizona State University серіктестерінің бірегей онлайн курсы (бәсекеге қабілеттілікті арттыратын сертификат);

Университет дәстүрлері (әр сәрсенбі ұлттық нақышта киіну немесе бұйым, жұма күндері AlmaU мерчін киеміз).

Әсел Арын студенттерге дене шынықтырудың орнына жүгіруге және тауға шығуға болатынын да айтты. Университетте екі клуб жұмыс істейді. Бұл студенттерге мүмкіндік. Бірінші курс студенттерін ЖОО проректоры жүгірумен белсенді айналысып, «Алматы марафоны» жарысына бірнеше рет қатысқаны таң қалдырды.

Біз ойды өзгертеміз, болашақты қалыптастырамыз

Бірінші курс студенттері AlmaU of Transformative humanities мектебінің арнайы әзірлеген Tolyq adam бағдарламасы бойынша білім алады. Курс 4 модульден тұрады: Critical thinking, creative writing, Great books, I, World, Philosophical dialogue. Студенттер сыни ойлау мен жазуды, аналитикалық талдауды үйренеді. Сонымен қатар ұлы ойшылдардың еңбектерімен танысады.

Сонымен бағдарлау аптасының алғашқы күні - «Info Day» аяқталды. Ертең студеттерді «Quest Day» күтіп тұр. AlmaU-дың студенті атану не деген бақыт?! Құттықтаймыз!

 

 

 

 

Бөліс: