ОНЛАЙН - ОҚЫТУҒА КӨШУ
Құрметті студенттер!
Коронавирустың енуі және таралуына жол бермеуге бағытталған шараларды күшейту мақсатында 2020 жылдың 16 наурызынан бастап Алматы Менеджмент Университеті қашықтықтан оқыту технологияларын қолдану арқылы білім беруге көшеді.
Университет жүйесі қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып, білім беру сапасына және оқу процесінің тиімділігіне нұқсан келтірмей оқытуға мүмкіндігі бар.
Талапкерлерге офлайн кеңестер беру және қабылдау комиссиясының жұмысы уақытша тоқталып, онлайн режіміне телефонмен кеңес беру орталығы, пошта және әлеуметтік желілер жұмысының көмегімен ауысады.