Оқу ма? Оқу … Оқу!
26 ақпанда Алматы Менеджмент Университетінде ( бұрынғы ХБА) магистратура және екінші жоғары білім бағдарламаларының ашық есіктер Күні өтті.
50 қатысушы AlmaU-дағы магистратура мен екінші жоғары білім бағдарламаларымен жете танысып, сонымен қатар AlmaU -дың «Қазақстандағы туризм маркетингі мен менеджменті» зертханасының жетекшісі Мадина Смыкованың «Маркетингтің 10 фишкасы» атты тегін шеберлік мектебіне қатысуға тамаша мүмкіндік алды.
Сонымен магистратура дегеніміз не (және екінші жоғары)? Студенттік өмірді тағы да бірнеше жылға созу мүмкіндігі ме әлде, шынында, кәсіби, сапалы білім алу мүмкіндігі ме? Қазақстанда кейінгі уақытта магистратура дәрежесін және екінші жоғары білім алуға ұмтылу жылдан жылға көбейіп келеді. Бірінші жағдайда таңдаған саласы бойынша білімін тереңдетуді, кәсіби деңгейін көтеріп және жоғары мансапқа жетуді мақсат етсе, екінші жағдайда осы кезеңде кәсіби саласын өзгертіп, жаңа дағдылар мен білім алу үшін оқуға түсушінің ынтасын арттырғысы келуі.
Ашық Есіктер күніне қатысушылар салалық және ғылыми-педагогикалық магистратураның айырмашылығын біліп, түсу үшін қандай құжаттар дайындау керек екенін, тағы да басқа мәселелерді анықтауға көмектесті.
Шеберлік мектептің ең белсенді қатысушылары біздің университетіміздің атынан фирмалық сыйлықтарға ие болды, қалғандары естелікке кәдесыйлар алды.
Біз сіздерге қашанда қуаныштымыз! Жаңалықтардан хабардар болып жүріңіздер, келесі Ашық Есіктер күніне келіңіздер! Күтеміз!