New York Film Academy вице-президенті Sonny Calderon AlmaU-ға келді

Жаңалықтар

Қазан 24, 2023

New York Film Academy вице-президенті Sonny Calderon AlmaU-ға келді

2023 жылы 20 қазанда, AlmaU-ға маңызды миссиямен келген New York Film Academy (NYFA) вице-президенті Sonny Calderon  қуана қарсы алды. Бұл сапар AlmaU, NYFA және қазақстандық киноиндустрия арасындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларына толы болды.

Sonny Calderon экскурсиясы әдемі Алматы қаласын аралаудан басталды. Қаланың тамаша көрінісі ашылатын «Көк Төбе» қалалық саябағында болған қонақтар, ақпарат беру құралдарының эволюциясын талқылады.

Осы әсем аялдамадан кейін Алматы Менеджмент Университетінің басты оқу корпусы бойынша тур өтті. Университетте қонақты Медиа және Кино мектебінің деканы - Анара Секеева, халықаралық департамент басшысы - Әлия Ақпаева, сондай-ақ танымал режиссерлер мен оқытушылар - Серік Әбішев пен Азат Хакимов қарсы алды.

Университет бойынша экскурсия, жаңадан ашылған виртуалды студиямен танысу мен арт-аймақты аралаудан басталды. Sonny Calderon медиа-индустрияны және көптеген пәнаралық бағыттарды зерделеу үшін студенттерге берілетін мүмкіндіктермен танысты. Виртуалды көзілдірікпен жұмыс жасайтын Менеджмент мектебінің ғылыми-практикалық зерттеулеріне арналған аудитория ерекше әсер қалдырды.

AlmaU бойынша өткізілген экскурсиялардан кейін Sonny Calderon мен Асылбек Қожахметов іскерлік түскі ас өткізді, оның барысында AlmaU мен NYFA арасындағы болашақ ынтымақтастық туралы идеялар айтылды.

Сонымен қатар, Sonny Calderon Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясына барып, студия президенті Азамат Сатыбалдымен кездесті. Кездесу білім беру курстары арқылы, киностудия қызметкерлерінің кәсіби тәжірибесін байыту мақсатында, «Қазақфильм», NYFA және AlmaU арасында ықтимал ынтымақтастық туралы уағдаластықпен аяқталды.

Sonny Calderon бұл сапары AlmaU дамуындағы жаңа кезеңді және қазақстандық кино индустриясы мен әлемдік медиа білім беру арасындағы тығыз байланыстың жолын білдіреді. Кездесу соңында жол карталарын әзірлеудің бірнеше бағыттары анықталды.

Бөліс: