Мұрат Абенов AlmaU-да: «DBA дәрежесін алуды мақсаттарымның бірі деп санаймын»

Жаңалықтар

Тамыз 22, 2016

Мұрат Абенов AlmaU-да: «DBA дәрежесін алуды мақсаттарымның бірі деп санаймын»

Жақында Aлматы Менеджмент Университетінде қоғам қайраткері, Қазақстан республикасы Парламенті Мәжілісінің 4-ші және 5-ші шақырылым депутаты, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым экс-вице-министрі, қазір  «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы " басқарма төрағасының орынбасары  Мұрат Әбенов келді.

Қонақтың AlmaU-ға бірінші келуі болмаса да, ол үшін университеттің соңғы жылдарда қаншалықты өзгергенін көрсету мақсатында   жоо-ға экскурсия ұйымдастырылды. Мұрат Абдуламитұлы осы жылдың көктемінен бері жұмыс істеп келе жатқан жаңа Sport&Art Zone  кешенінде болып, салынып жатқан атриум мен   университеттің инновациялық мұражайын тамашалады, бір қызығы, мұнда бірде-бір дәстүрлі жәдігерлер деген ұғымды беретін заттар жоқ.

AlmaU жоспарлары қонаққа қатты әсер етті. Жаңа 6-қабатты кампус пен атриумды іске қосу  келесі жылға жоспарланып отыр әрі бұл болашақ атриум еліміздегі ең жоғары деңгейде жабдықталған  оқу кампустарының бірі болмақ, осында әлемнің озық тәжірибелері топтастырылмақшы. Сондай-ақ, студенттер үшін жоо  10-қабатты жатақхана салуды жоспарлайды.

Қонақ AlmaU мұражайының  жұмысына негіз болып отырған  "толықтырылған нақтылық" технологиясына қызығып, жоо студенттерінің әзірлеген жобаларына қайран қалды.

Кездесудің басым бөлігі презентацияларға арналды, Мұрат Әбенов Қазақстандағы бірінші кәсіпкерлік университет болып саналатын AlmaU-дың стратегиялық  түрленуімен,  жетістіктерімен әрі келешекке жоспарларымен танысты. Қонақ AlmaU Жоғары Бизнес Мектебінің  презентациясына ерекше қызығушылық танытты,  оның ішінде  doctor of business administration бағдарламасы болды.  Ол өзінің DBA-ге түсуге ойы бар екенін білдірді: " кәсіпкерлік саласында жұмыс істеп, әсіресе, шешімдерді қабылдау аймағында жүргендіктен,  кәсіпкерлік және бизнес-құрылымдар мүдделерін жылжытумен айналыса отырып,  осы сала бойынша белгілі бір білімді меңгермеу дұрыс емес. Сондықтан DBA дәрежесін алуды өзімнің мақсаттарымның бірі деп санаймын,» -деп,  М. Абенов өз ойымен бөлісті.

Сондай-ақ қонақ  кәсіпкерлер Палатасының  AlmaU-мен біліктілікті бағалау бойынша тәуелсіз жүйе жасау үшін  ынтымақтастық құруға ниеті барын білдірді: "Бұл мәселе бүгінгі таңда  өте өзекті. Оның шешімімен Ұлттық кәсіпкерлер Палатасының және бизнес-қауымдастықтар  айналысуы керек, ал  білім беру жүйесі бұл мәселеге дайын болуы қажет. Өкінішке орай, жоо-лар, колледждер, сондай-ақ  мемлекеттік құрылымдарда толық  дайын емес, себебі бізде (кадрларды даярлау – авт.) мемлекеттік құрылымдар өздері  кімді және қалай оқыту керек деген сияқты жоспарлаумен айналысады. Министрлік өзі бағалайды, өзі диплом береді, бұл дұрыс емес,» - деп Мұрат Әбенов өз ойын қорытты.

AlmaU, қонақтың айтуынша, қазірдің өзінде кәсіпорындардың тапсырысына қарай білім беру бағдарламасын құрудан тәжірибесі бар оқу орны. "Бұл оқыту тәжірибесі білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы  жоғары деңгейдегі менеджерлер дайындаудан, ірі кәсіпорындарға бағытталған арнайы МВА бағдарламаларын дайындау тәжірибесінен көрінеді, бұл тапсырыс берушілердің талаптарына сай нақты оқу бағдарламаларын  жасау , - дейді ҰКП өкілі, - AlmaU да  осы процестердің  жүйесін байқау және сол кезеңдерден өту тәжірибесі бар.   Сондықтан осы жоо талапқа сай тиісті түрде  қызмет көрсете алады.  Бұл жай ғана құжаттармен дәлелденіп отырған жоқ, ол  мамандарды дайындауға жеке бизнестің тапсырыстарымен  айқындалып отыр.  AlmaU да бізді қызықтыратыны-  коммуникацияны қалыптастыру тәжірибесі, кәсіпорындардың, қоғамның, мемлекеттің және білім жүйесінің  байланысынан туатын синергиялық ықпал».

Бөліс: