Minor – Entrepreneurship студенттері АҚШ-тағы Babson College-ға тағылымдамаға аттанады
«Minor – Entrepreneurship» сынамалы бағдарламасының 11 студенті Rocket Pitch аясында өздерінің бизнес-жобалары мен бизнес проекттерін сәтті қорғап шықты.
Rocket Pitch - Babson College-да жыл сайын өтетін идея мен жобаларды қорғау форматы. Студентке бизнес-идеясын тез әрі қысқа айтып шығу үшін PowerPoint-та 9 слайдқа 2 минуттан, 18 минут беріледі.
4 сәуір күні Minor – Entrepreneurship студенттері KUSTO Group Директорлар кеңесінің төрағасы, Forbes Kazakhstan ең бай бизнесмендерінің рейтингінде №9 орында тұрған, AlmaU Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Еркін Татишевтің, Ержан Татишев атындағы Фондтың президенті Жарикова Дананың, «Бизнестің ауысуы» жобасының жетекшісі, кеңесші, Карсакбаева Мадинаның, Кәсіпкерлік пен инновация дамыту орталығының директоры Южанинова Ксенияның алдында жобаларын қорғады.
Жюри жобалардың жақсы дайындығын белгіледі, бірақ сонда да қатысушыларға өзінің тауашасын табуды және нақты, оңай және түсінікті жобалармен айналысуға кеңес береді.
Minor – Entrepreneurship студенттері әр түрлі жобаларды қорғады. Сонымен, Мұхаммед Дәулет-Қажы программисттарды сертификаттаумен айналысады, Нұрғиса Төкен өзінің «Vector School» атты кәсіптік бағдар беретін мектеп стартапын әлдеқашан бастап кеткен, Аяжан Кеңес «BusyHost» бизнес-хостелын ашуды ұсынады.
Е. Татишев Фондынан грант алған студенттерге басты жулде ретінде Babson College-да жазғы тағылымдама болды. Оның иегерлері атанған, «Balmuzdak.net» жобасымен, Minor – Entrepreneurship бағдарламасының 1-ші курс студенттері Алмас Төлеубаев пен Азамат Абитаев.
Balmuzdak.net – Қазақстандағы ең ірі білім беру порталы. Олар мектеп оқушыларына оқу орнын, гранттарды, стипендияларды және тағылымдамаларды таңдауға, ал оқу орындарына – абитуриенттерін табуға көмектеседі.
Rocket Pitch-та «Серпін» гранттар бағдарламасында және ректорлық гранттағы студенттерге басты жүлде Павлодар қаласында өтетін BootCamp жазғы лагеріне қатысуы болды. Оның иегері атанған «Vector School» кәсіатік бағдар мектеп стартапын қорғаған Нұрғиса Төкен.
Студенттерге кәсіпкерлік дағдаларын, жобаларды жүзеге асыру мен жүргізуді үйретуге бағатталған, «Кәсіпкерлік» траекториямен толықтырылған «Менеджмент» мамандығын (Minor – Entrepreneurship) Алматы Менеджмент Университетінің Кәсіпкерлік пен инновация дамыту орталығы 2017 жылы жарыққа шығарды. Бағдарлама білім мен кәсіпкерлік саласына қажетті құзыреттерді алуға бағытталған. Бағдарлама түлектері жаңа компаниялардың құруын жүргізу, кәсіпорындарда бизнестың дамуымен жұмыс істеу және де өз компаниясында жұмыс істеуді жалғастыру дағдыларына ие болады.