Менять сферу в работе PR маманының жұмыс аясын өзгертуге болады, бірақ ол - қиын
2016 жылдың 16 сәуірінде Aлматы Менеджмент Университетінде «Қоғаммен байланыс» мамандығының студенттері үшін "Amanat" сақтандыру компаниясының маркетинг және PR бөлімінің басшысы Руслан Калигожиннің шеберлік мектебі өтті.
Руслан кездесу барысында "Amanat сақтандыру компаниясының» ребрендингін жасау бойынша жобаны дайындау тәжірибесімен бөлісті. Қонақ логотипті дайындаудың ерекшеліктері және шағын бюджетпен жарнамалық кампания жүргізу құпиясын түсіндірді.
Кездесудің «шарықтау сәті» 2 курс студенті Карина Дурсунованың бастамасы болды, ол өзінің AlmaU студенттерінің ішінде PR мамандығы білімгерлерінің танымалдық пайызын арттыруға бағытталған жобасын көптің талқысына салды. Руслан белсенді студентке ризашылығын білдіріп, мақтап, оның ұсынған белсенділік әрекеттеріне ақыл-кеңесін берді.