«Менеджмент» мамандығы бойынша XIV Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың II кезеңі
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2022 жылғы 25 ақпандағы № 14-2 / 287-ВН хатына сәйкес 2022 жылы «Менеджмент» мамандығы бойынша Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың базасы «Almaty Management University» оқу орны болып табылады.
2022 жылдың 21 сәуірінде «Алматы Менеджмент Университеті» ББМ-де «Менеджмент» мамандығы бойынша «Жаңа цифрлық технологиялар дәуіріндегі басқарушылық аналитика» тақырыбына XIV Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың II кезеңі өтеді.
Олимпиаданың қолданыстағы тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Олимпиадаға қатысуға «Менеджмент» мамандығының/ білім беру бағдарламасының күндізгі бөліміндегі бакалавриаттың студенттері жіберіледі. Қатысушы студенттердің мәлімделген мамандығына сәйкестігі міндетті шарт болып табылады.
Жеңімпаздар AlmaU дипломдарымен марапатталады:
- 1 орынға - I дәреже (бір студенттен артық емес);
- 2 орынға - II дәреже (екі студенттен көп емес);
- 3 орынға - III дәрежелі (үш студенттен көп емес).
Дипломдар Олимпиада соңында беріледі. Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың барлық қатысушылары қатысқаны үшін сертификаттар алады.
Олимпиада келесі 2 турдан тұрады:
- Бейне-визитка және компанияның SWOT- талдауы (2-қосымша). Іс-шараның форматы онлайн.
- Қазақстандық компаниялардың кейстерін шешу AlmaU базасында жүзеге асырылатын болады (Алматы қаласы). Жоспарланған формат - аралас (офлайн/онлайн). Алматы қаласындағы ЖЖОКБҰ студенттері үшін – офлайн, Олимпиадаға басқа қаладан қатысушылары үшін онлайн формат болуы мүмкін.
Конкурстық өтінімге келесі құжаттар тізімі кіреді:
- 1-қосымшаға сәйкес қатысуға өтінім;
- Олимпиаданың I кезеңінің қорытындысы туралы ректордың (проректордың) қолы қойылған хат немесе II кезеңге 3 адамнан аспайтын – әр тіл бөліміне бір студент қатысуға ұсыныс жасаған ЖОО Ғылыми кеңесінің шешімі.
- Олимпиаданың II кезеңінің 1 турының орындалған тапсырмасы (2-қосымша).
XIV Республикалық студенттік пәндік олимпиадаға қатысу үшін құжаттардың барлық пакетін 2022 жылдың 3 сәуіріне дейін (қоса алғанда) rspo.almau.2022@gmail.com электронды поштасына жіберу қажет.
Олимпиадаға қатысты барлық материалдар мына сілтеме бойынша орналастырылады: https://drive.google.com/drive/folders/19ocPtcGJTTly4kH0PLKR8bSrcnPhPFjb?usp=sharing.
Қатысушыны тіркеуден мынадай жағдайларда бас тартылуы мүмкін:
- өтінімді кеш тапсыру;
- өтінімнің олимпиада талаптарына сәйкес келмеуі;
- Толық емес немесе шындыққа сәйкес емес құжаттарды тапсырған жағдайда;
- қатысушылардың мәлімделген мамандығына сәйкес келмеуі;
- плагиатқа тексеру нәтижелері бойынша, егер жұмыс ұқсастық коэффициенттері бойынша бірегейлік талаптарына сәйкес келмесе (3-қосымша).
1-турдың қорытындысы бойынша ең жоғары ұпай жинаған 12 қатысушы (әр тіл бөлімінен 4 жеңімпаз) іріктеліп, 2-ші турға қатысуға шақырылады (21.04.2022).
Олимпиадаға қатысуға байланысты барлық шығындарды (келу, кету, тамақтану, тұру) жіберуші ЖОО көтереді.
Барлық сұрақтар бойынша төменде көрсетілген нөмірлерге хабарласуыңызға болады:
жұм. тел.: +7 (727 2) 313 30 40 (ішкі 154); каб. 228,
ұялы тел.: +7-701-516-59-51
«Менеджмент» ББ бағдарламасының программ-лидері, э.ғ.к. - Жанбырбаева Сәнім Мамановна
электрондық пошта: s.janbirbaeva@almau.edu.kz
ТОЛЫҒЫРАҚ АҚПАРАТ, ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМ МЕН ТАПСЫРМА СИПАТТАМАСЫ https://almau.edu.kz/images/uploads/files/af438cda69834feffd757067cc769058.docx
Олимпиаданы ұйымдастыру комитеті