Mars командасы. Бәрі шоколадты болады!
2016 жылдың 19 ақпанында Алматы Менеджмент Университетінде (бұрынғы ХБА) Marsa компаниясының менеджері Динара Музалевскаяның «Team management» тақырыбына қонақ дәрісі өтті.
Дәріскер 2005 жылы Халықаралық Бизнес Академиясының ( қазір AlmaU ) магистратурасын PR&Маркетинг мамандығы бойынша бітірген, FMCG саласында таңқалдырарлықтай тәжірибесі бар, сонымен қатар маркетинг бойынша білімі, іс-тәжірибесі мол маман.
Динара қазір Mars компаниясында Customer Marketing Manager Chocolate позиясында қызмет етеді.
«Менеджмент» мамандығының 3 курс студенттерімен кездесу барысында Динара тиімді команданы қалай құруға болатынын айтып берді, өзі алдына қойылған мақсаттарына жету үшін команданы дұрыс басқарудың құпияларымен бөлісті. Студенттер қызметкерді қалай ынталандыруға болатынын әрі оның тиімділігін арттыру жайында көптеген жаңа нәрселерді білді. Ең белсенді студентке қонағымыз Роберт Айхингер мен Майкл Ломбардоның «FYI – Сіздің дамуыңызға арналған кітап» атты шығармасын сыйға берді (FOR YOUR IMPROVEMEN).