Liter Flow: AlmaU-да әдеби қайырымдылық кеш өтті

Жаңалықтар

Наурыз 09, 2020

Liter Flow: AlmaU-да әдеби қайырымдылық кеш өтті

3 наурыз күні  AlmaU-да  екінші әдеби қайырымдылық кеш өтті.

 

Liter Flow - қайырымдылық әдеби кеші, онда адамдар жан-дүниесіндегі сырларымен бөлісіп,  толғандырған мәселелері туралы айтып, өз тарихын поэзия арқылы бөлісе алды. Кеш көрермендерді де, оқырмандарды да жақындастырып, ой-пікір алмасуға себеп болды.⠀ 

 

Бұл іс-шараның басты мақсаттарының бірі  "Туа біткен қыли көз птозы" диагнозы бар Гүлжан Қадырға  Израильде операция жасау үшін ақшалай қаражат жинау болды. 

 

Кешке қызметкерлер, студенттер және қонақтар қатысты:

 

    •    «Бакалавриат» бағдарламасының жетекшісі, Абдрахманов Тахир: өзі шығарған өлең жолдарын оқыды; 

    •    Мельник Валерия: өзі шығарған өлеңдері ; 

    •    Копбай Айша: Екатерины Довлатованың «Мужчинам не просто» өлеңі;

    •    Чекушкина Алена: Эдуарда Асадовтың «Студенты» және «Пилигримы» Иосифа Бродскойдың өлеңдері;

    •    Исабек Нурила:  Ах Астахованың «Я хочу быть ребенком» өлеңі.

    •    Дузенко Юлию:  Владимира Маяковскидің «Лиличка» өлеңі.

    •    Жантасова Зару: Владимира Маяковскидің «Письмо товарищу Кострову из Парижа о сущности любви» өлеңі;

    •    ҚазМҚСА студенті  Алиева Эмина: Владимир Листомировтың «Связующее звено» өлеңі.

    •    Пазыл Дильназ:  «Если хочешь о важном, давай о важном» автора Keep Silence өлеңдері; 

    •    Амирова Малика: өзі шығарған өлеңдері;

    •    Анна Гайда - қазіргі заман поэзиясының өкілі, Алматы ашық әдеби мектебінің түлегі -Аневажно лақыбымен белгілі ақын;

    •    Ақжан Ай қызы -«Qoltańba» шығармашылық бірлестігінің жас ақыны, өзінің өлеңін қазақ тілінде оқыды;

    •    Алиса Якуба-ақын, сондай-ақ «Трансформа» және «Арткрафт»  кеңістігінде «Балалар саясаты деген не екенін біледі»  аясында сөз сөйледі және «Мост в другой мир»; жас жазушылар жинағында шығармалары жарияланған»

    • Мэри Хуванна -«Qoltańba»  шығармашылық бірлестігінде тұратын қазіргі қазақ тілді ақындардың бірі; 

 

Қайырымдылық поэтикалық кештің соңғы қонағы жас лирик ақын, Алматы менеджмент университетінің студенті-Өмірсеріков Бахытжан болды. 

 
Бөліс: