Көңілді де дәмді мереке: AlmaU-да International Day іс-шарасы өтті
9 желтоқсан күні Алматы Менеджмент Университетінде жыл сайынғы International Day ұйымдастырылды. Биылғы жылы мерекеге Италиядан бастап Ауғанстанға дейінгі 12 елдің өкілдері қатысты.
Әділ қазылар алқасының мүшелері:
Фатхуллаев Аброр Джахангирович – Өзбекстан Республикасының Алматыдағы бас консулы
Алехандро Пастрана Молеро - Kazakh Europe Cooperation Президенті
Искаков Ерлан Узанұлы - ҚР СІМ-нің Алматыдағы өкілдігінің басшысы
Кауменова Айгерим Ерболовна – Интернационалдандыру, тәуекел және ғылым бойынша ректордың кеңесшісі
Корлан Жанат -академиялық ұтқырлық және визалық қолдау бөлімінің бастығы
Нелидова Дарья Сергеевна – халықаралық ынтымақтастық бағытының басшысы
Ахонова Ляззат Бауржанкызы – академиялық ұтқырлық бөлімінің бас маманы
Іс-шара ұлттық тағам жәрмеңкесімен ашылды. Команданың әр қатысушысы ұлттық нақышқа, дәстүрге сай етіп әр түрлі тағам дайындаған. Үстелдер белгілі бір ұлттың заттарымен және әшекейлерімен безендірілді.
Жәрмеңке аяқталғаннан кейін студенттер өз өнерлерін көрсетті. Олар ән салып, би биледі. Іс-шара соңында барлық елдің қатысушы-өкілдері марапатталды:
Өзбекстан – ең үздік ұлттық асхана
Тәжікстан – ең үздік командалық қойылым
Ауғанстан – ең үздік ұлттық киім
Ресей – ең үздік би
АҚШ – ең креативті қойылым
Оңтүстік Корей – ең тартымды команда
Жапония – үздік бейне ролик
Қазақстан – ең үздік патриоттық қойылым
Франция – ең романтикалық қойылым
Қырғызстан– үздік презентация
Италия – аталымы жоқ
Испания – тамаша қойылым
Қытай – дәстүрді сақтаушылар
Искаков Ерлан, ҚР СІМ-нің Алматыдағы өкілдігінің басшысы
"Қазіргі кезде жастар әлемдік жүйеге енуге тырысуда. Бүгінгі студенттер әр елдің мәдениеті, дәстүрі, әдет-ғұрыптары мен тағамдарына қызығушылық танытуда. Бүгін біз көпмәдениетті елміз және басқа халықтардың ерекшеліктерімен танысуға мүмкіндігіміз бар екенін көріп қуанып отырмыз"
Алматы Менеджмент Университеті жүздеген адамды біріктіруде және әлемнің 36 елінің 160 –тан астам алдыңғы қатарлы университеттерімен ынтымақтастықта жұмыс істеуде. 2019 жылы шетелдік студенттерді қабылдау бойынша рекордтық көрсеткіш болды: қазіргі таңда мұнда 150-ден астам шетелдік азамат білім алуда.
International Day Қазақстанның барлық халықтарының бірлігін көрсететін көптен күткен және айтулы шаралардың бірі болып саналады.