Қоғаммен байланысты қайтіп нығайтамыз?

Жаңалықтар

Қараша 16, 2015

Қоғаммен байланысты қайтіп нығайтамыз?

Шараға «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры Жұмабек Кенжалин; Казкоммерцбанк, HR директоры Қуат Домбай; Л.Гумилев атындағы ЕҰУ, телерадиожурналистика және қоғам­мен байланыс кафедрасының мең­ге­рушісі Аязби Бейсенқұлов; Қазақстан және Орталық Азиядағы «Советник» (Ресей) журналы мен порталының өкі­лі Владимир Павленко; Огайо (АҚШ) университетінің профессоры Эми Эдмендсон; журналист, саясаткер Әмір­жан Қосанов; Petroleum жур­налының бас редакторы Олег Чер­винский, «Тимбилдинг компа­ния­сы­ның» басшысы, профессор Павел То­карчук, PR-шы клубының мүшесі, Алматы Менеджмент университеті «Мемлекеттік және қоғамдық саясат» кафедрасының доценті Бақыт Тұра­бекова, Республикалық «Игілік» жур­налының бас редакторы Меруерт Әйтенова, М.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің аға оқытушысы Зәуреш Қойгелдиева, т.б. БАҚ өкілдері қатысты. 
Алқалы басқосуды журналистика факультетінің деканы Сағатбек Ме­деу­бекұлы кіріспе сөз сөйлеп ашып, конференция жұмысына сәттілік ті­леді. Мұнан кейін жиынды кафедра меңгерушісі Назгүл Шыңғысова жүр­гізіп отырды.
Конференцияның мақсаты – «Қоғаммен байланыс» мамандығы бо­йынша талапкерлер үшін қабылдау емтиханының мазмұны мен форма­сын өзгертуге байланысты және ма­мандық бойынша білім берудің өзге де өзекті мәселелерін талқылау. Маман­дыққа түсу үшін тандау пәні геогра­фия болғандықтан, бұл пәнді таңда­-ған талапкерлердің басым бөлігі мақ­сатты түрде географиялық, геоло­гиялық бағыттағы, «туризм» және т.б. мамандықтарға бағдарланады. PR-ма­манының кәсіби құзіреті – комму­ни­кативтілік, креативтілік, шығарма­шы­лық көзқарас, жазу қабілеті, іскерлік қарым-қатынас, сөйлеу мәдениеті, ше­шендік өнер, көпшілікпен тез тіл табысу, идеяларды тәжірибе жүзінде жүзеге асыру екендігі мәлім. «Қоғам­мен байланыс» мамандығына түсу үшін география пәнінің қажеттілігі талапкерлерді басқа мамандық таң­дауға мәжбүрлейді.
Шара барысында Қазақстандағы PR-білім беру сапасы: стратегиялық міндеттер; кәсіби стандарт және ком­муникациялық білім берудің өзекті мәселелері; дуалды оқыту – ғылым мен өндірісті тиімді ықпалдастыру жолы; білім беру үдерісіндегі қоғам­дық және бизнес-коммуникацияның стратегиялары мен технологиялары; Қазақстандағы PR трендтері; қазіргі баспасөз қызметі. PR-дағы жаңа тех­но­логиялар; жұмыс берушілермен әріп­тестік қарым-қатынас болашақ PR-мамандарын сапалы дайындау­дың алғышарты деген мәселелер талқы­ланды.
Жиын соңында «Қоғамдык бай­ла­ныс» мамандығы Білім және ғылым министрлігінің жоғары оқу орын­да­рына Қабылдау Ережесіне осы ма­мандықты тандаған талапкерлерді шы­ғармашылық конкурс арқылы қа­былдау, сыныптамадағы «Қоғамдық байланыс» деген атауды «Қоғаммен байланыс» деп өзгерту, мамандықтың мәртебесін көтеріп, жағымды ой-пікір туғызу үшін бұқаралық ақпарат құ­ралдарында РR саласына қатысты та­нымдық, тағылымдық, насихаттық мазмұндағы жарияланымдарды кө­бейту, РR мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттердің оқыту бағдарламаларын жүзеге асыруда жұмыс берушілер ұсыныстарын ес­керу, жұмыс берушілер тарапынан 
РR мамандығын алған түлектерді жұ­мысқа орналастыру мүмкіндігі ту­ралы Қарар қабылданды.

http://aikyn.kz/ru/articles/show/16580-_o_ammen_bailanysty_ait_p_ny_aitamyz_

Бөліс: