«Кемел кәсіпкер» іскери ойыны астанамызда өтті
2016 жылдың 20 сәуірінде Almaty Management University (бұрынғы ХБА) астаналық кеңсесінде «Кемел кәсіпкер» бизнес-кейстерді шешу бойынша чемпионаттың 4-ші туры өтті. Жобаны ұйымдастырушылар «Атамекен» Қазақстан Кәсіпкерлері Ұлттық Палатасы, Almaty Management University (AlmaU) және «SANA Eurasia» Қоғамдық Қоры.
Бірінші орынға және астанамыздың атынан республикалық чемпионатқа қатысу үшін ҚазМЗУ, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Техникалық-экономикалық колледж, ҚазАТУ, «Тұран -Астана» және «Шабыт» ҚазҰӨУ университеттерінен 4 құрама команда қатысты.
Қазылар алқасы құрамына кіргендер: Naimi.kz коммерциялық директоры Мағжан Мадиев, taxi.kz құрылтайшысы Тимур Худайбергенов, «Атамекен» Кәсіпкелердің Ұлттық Палатасы адами капиталды дамыту департаменті директоры Олжас Ордабаев, "SANA Eurasia" қоғамдық қорының маманы Дмитрий Савеленко және Almaty Management University –дің Астанадағы өкілдігінің директоры Вячеслав Хван.
Бизнес сайыстың қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған ҚазМЗУ –дің «Элит» командасы болды. Бұл команда 1,5 ішінде Шин-Лайн компаниясын дамытудың бірегей идеясын дайындап, ұсынды (тапсырма бойынша студенттер балмұздақ шығару бойынша ағымдағы қалпына талдау жасап, сол аналитикалық мәліметтер негізінде бизнесті дамыту бойынша ұсыныстар жасау керек болатын).
Бар мәліметтерге қарағанда, "Шин-Лайн" компаниясының балмұздақ нарығында 15% үлесі бар. Олардың ұсынатын маркаларының ішінде бәрімізге белгілі пломбир, шоколад балмұздақ, «Бомба» деп аталатын «рожок» бар.
Өндіріс жұмысына талдау жасап, студенттер жарнамалық компанияны күшейтуді ұсынды (мысалы, жұлдыздармен дайындалған жарнама), BTL-науқан жүргізу және сауда орталықтарында балмұздақ кафесін орналастыру, сонымен қатар қыс мезгілінде балама өнімдер шығару (йогурттар, сүт) және маусым емес кезеңде басқа жұмыс істей алулары үшін қызметкерлерге жаңа мамандық беру керектігі айтылды.
«ҚазМЗУ Элиттің» толық презентациясы қазылар алқасына дәлелді болып көрінді, нәтижесінде сутденттер бизнес ойынының жеңімпаздары атанып, «Бизнес-кеңесші» бағдарламасы бойынша оқуға сертификат алды, сонымен қатар Астана қаласында өткен "Кемел кәсіпкер" турының чемпионы болды.
2 –орынды Enactus ENU командасы алды. Студенттерге сыйлық ретінде «Атамекен» Қазақстан Кәсіпкерлері Ұлттық Палатасы атынан «100 проектов для малого бизнеса» жинағы табыс етілді.
Ойынға қатысушылардың бәріне КҰП атынан оқу-әдістемелік оқу құралдар сыйлыққа берілді.
Қазылар алқасының мүшесі Мағжан Мадиев байқаудың қортыныдысы бойынша Фейсбукте өзінің алған әсері туралы жазыпты:«Бірауыздан ҚазМЗУ командасы чемпион атанды. Екінші орынға ие болған ЕҰУ. ҚазМЗУ студенттері мықты екен, міне, олар өздерінің дарындылығымен бізді бірінші рет таң қалдырып отырған жоқ».
ҚР КҰП өкілі Олжас Ордабаев мына жайды атап кетті «ұйымдастырушылар (AlmaU, ҚР «Атамекен» КҰП және Sana Eurasia ҚҚ) әзірге сынамалы түрде өткізіп жатыр, сондықтан көлемді түрде жариялау кейінірек бола жатар! Маған қазылар алқасының мүшесі болыңыз деп сенім артты, сондықтан қатысушылармен әңгімелесуге мүмкіндігім болды. Тәжірибенің аздығына, кейбір дағдылардың жетпеуіне қарамастан, студенттердің ынтасы зор, табысқан ұмтылған күйде көрдім! «КазГЮУ Elite» жеңімпаз командасы ерекше ойлау қабілеттерімен, жаңа идеяларымен қуантты. Жастардың жеңістерімен құттықтаймын! Республикалық финалда кездескенше!»
Естеріңізге сала кеткіміз келеді, республикалық чемпионат мамырдың ортасында өтеді. Жоспар бойынша іс-шара Павлодарда өтпекші.