ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШ ПРОФЕССОРЫ ALMAU –ДЫҢ «АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҒЫ ҮШІН» МАРАПАТЫНА ИЕ БОЛДЫ

Жаңалықтар

Маусым 03, 2016

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШ ПРОФЕССОРЫ ALMAU –ДЫҢ «АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҒЫ ҮШІН» МАРАПАТЫНА ИЕ БОЛДЫ

2016 жылы 24 мамырда  «Бизнес және қоғам: дамудың заманауи артықшылықтары» атты Халықаралық ғылыми конференция аясында Қазақстан профессорларына «Академиялық адалдығы үшін»  марапатын салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті. 

2015 жылы «Академиялық адалдығы үшін» марапаты  Алматы Менеджмент Университеті ғылым басқарамасының бастамасымен белгіленген болатын.  Оның мақсаты  – өзінің ғылыми-зерттеу жұмыстарынының нәтижелерін жариялау мәселелеріне байланысты ғылыми этика талаптарын сақтап келген  Қазақстан ғалымдарын марапаттау; AlmaU Қазақстанда әрі шетелде ғылыми этика талаптарын сақтайтын ұйым ретінде өзін көрсеткісі келеді.  Сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарының және қоғамның назарын Қазақстанның жетекші ғалымдарының еңбектеріне аударту арқылы  бүгінгі ғылым мәселерін  елімізде және шетелде ілгерілету.

2015 жылы «профессор» атағын алған жеті ғалымның ішінен үшеуі ҚР БҒМ білім беру және ғылым саласындағы бақылау Комитеті талаптарына сай келді, атап айтқанда:

«Профессор ғылыми атағы Томсон Рейтер (ISI Web of Science, Thomson Reuters)  импакт-фактор халықаралық  рецензияланатын ғылыми журналдарда 3 ғылыми мақала  жариялаған тұлғаларға беріледі».

Осы талаптарға AlmaU тағы да бір маңызды критерий қосып отыр, ол – рейтингі, яғни   Билл тізімдеріне енбеген,  төмен басылымдарда жарияланған еңбектердің кездеспеуі. Джеффри Билл –  Алматы Менеджмент Университетінің құрметті профессоры, Колорада штатындағы, Денвердегі   Университеттің кітапханашысы, ашық қолжетімді, ақшаға ғылыми рецензиясыз ғылыми еңбектерді жариялайтын журналдар тізімінің авторы.

PhD докторы Данияр Сапаргалиев  жазған жаппай қазақстандық ғалымдардың жарияланымдарының нашар басылымдарда жарық көруі әлі де  өзекті тақырып  болып отыр. Нашар басылымдарда жарық көріп жатқан ғылыми еңбектердің саны көбеймесе, азайып жатқан жоқ.  Жас ғалымдар, PhD докторанттар докторантураға берілген 3 жыл ішінде зерртеу жүргізіп, оның нәтижелері туралы импакт-фактор журналында жариялап үлгергілері келеді. Бірақ бұл бәрінің қолынан келе бермейді, жаһандық ғылыми нарықта бәсеке өте жоғары.  Күнде келетін спам Scopus немесе  Web of  Science  журналдарында жариялауға мүмкіндік бар деген қызықтыратын ұсыныстарға толы. Кейбір зерттеушілер олардың қармағына ілініп қалады да өздерінің  ғылыми беделіне нұқсан келтіреді.

Жоғарыда көрсетілген талаптарды ескере отырып, «Академиялық адалдығы үшін» марапаты мына ғалымдарға беріледі:

Профессор Коданова Сандуғаш Кулмагамбетовна. Физика-математика ғылымдар кандидаты, ҚР БҒМ ҒК  «Эксперименталды және теориялық физика ғылыми-зерттеу институты» аймақтық кәсіби кәсіпорнының жетекші ғылыми қызметкері. Импакт-факторлы журналдарда жарияланған 14 мақаланың авторы.

Профессор Базарханов Дауренбек Болысбекович. Физика-математика ғылымдар кандидаты,  ҚР БҒМ ҒК  Математика және математикалық модельдеу институты» аймақтық кәсіби кәсіпорынның функция және функционалды талдау бөлімінің меңгерушісі. Импакт-факторлы журналдарда жарияланған 6 мақаланың авторы.

Профессор Джансугурова Лейла Булатовна. Биология ғылымдарының кандидаты,  ҚР БҒМ ҒК  «Жалпы генетика және цитология  институты» аймақтық кәсіби кәсіпорнының бас директоры. Импакт-факторлы журналдарда жарияланған 4 мақаланың авторы.

 AlmaU бірінші проректоры   Г.А. Курганбаева  салтанатты марапаттау кешінде сөйлеген сөзінде: «Ғылымның маңызды қағидаттары - объективтілік, адалдық, дұрыс пікірде болу. Алматы Менеджмент Университетінің басшылығы академиялық адалдықты дамыту мен алға жылжытатын орта құруды өзінің басты міндеті деп санайды.  

Біз оқу және ғылыми жұмыстардағы плагиатпен күресу үшін  «Антиплагиат.Вуз» және Turnitin лицензияланған бағдарламасын алғанбыз. AlmaU  логотипімен шығатын барлық ғылыми еңбектер жарыққа шығар алдында мәтіннің бірегейлігіне тексеруден өтеді.  2015 жылы барлық бірінші курс суденттеріне міндетті пән ретінде  «Академиялық адалдығы үшін» курсы енгізілді.  

ҒЫЛЫМИ ӨЛШЕУ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОММУНИКАЦИЯНЫ ДАМЫТУ

2016 жылы 24 мамырда  «Бизнес және қоғам: дамудың заманауи артықшылықтары» атты Халықаралық ғылыми конференция аясында «Ғылыми өлшеу және халықаралық ғылыми коммуникацияның дамуы» атты воркшоп өтті, оны «Экономиканың Жоғары Мектебі» ҒЗИ «Ғылыми өлшеу орталығы» директоры Иван Стерлигов ( Мәскеу) жүргізді.

 И.Стерлигов ғалымдардың жетістіктеріне баға беру барысында наукометрия мүмкіндігі туралы айта отырып,  Наукометрияға арналған  Лейден манифестінің   басты қағидаттарымен таныстырды. Құжаттың түпнұсқасымен  мына СІЛТЕМЕ арқылы танысуға болады.

Воркшопқа қатысушыларға қызық болғаны  Экономика Жоғары Мектебі авторға импакт-факторлы журналда мақала жариялағаны үшін айына  100 000 рубл үстем ақы төлейтіні болды.  Нақты бір ғалымның  жетістіктеріне баға берудің тиімді нәтижесі  И.Стерлиговтің пікірі бойынша,  наукометрия мен сараптаманы қиыстыру тәсілі арқылы анықталады.  Экономика Жоғары Мектебінде  ғалымдарды таңдау саясаты дәл осыған жүгінеді, осыған орай оқытушылық-профессорлық құраммен келісім-шартқа отыруда бұл басты элемент болып табылады.  

Жалған ғылыми жарияланымдармен күресу үшін мына талаптарды ұстану қажет: импакт-факторлы жарияланым үшін материалдық және моралдық ынталандыруларды жою;  журналдар мен басылымдардың қара тізімін жасау, оларда жарияламау, осыған қарсы  әлемде мойындалған түзу басылымдар тізімін жасап, соларда басылу керек. Мәселен, бизнес және менеджмент мәселелерін зерттеушілер үшін әлемде осындай тізім болып  ABDC Journal List саналады.

Иван Стерлигов  Хирш индексі,  Билл тізімі, Emergign Sources Citation Index  базасы Thomson Reiters Web of Science  сияқты белгілі наукометрия құралдарына өз көзқарасын білдірді.

Жалпы заманауи наукометрия жекелеген ғалымдардың, ғылыми бағыттардың, елдер мен аймақтардың нәтижелілігін бағалауда сенімді баға береді. Дегенмен, Ресей мен Қазақстан әзірге  тиімді ғылыми мемлекеттердің   10 –дығына  кірген жоқ.

С.М. Шакирова, ғылым Басқармасының  директоры

 

Бөліс: