Қазақстандық ЖОО-лар рейтингінде AlmaU бірінші орындарды иеленді

Жаңалықтар

Шілде 25, 2018

Қазақстандық ЖОО-лар рейтингінде AlmaU бірінші орындарды иеленді

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен ҚР Білім және Ғылым Министрлігі қазақстандық ЖОО-лардың «бакалавриат» бағдарламасы бойынша бағалау жұмыстарын жүргізуде. Бағалау жұмыстарының бірінші кезеңінің нәтижелері жақында өткен брифингте жарияланды.

Рейтингке 114 қазақстандық жоғарғы оқу орны, 33 мамандық бойынша 784 бағдарлама іліккен.

ҚР БҒМ вице-министрі Талғат Ешенкулов:

«Көбінесе бұл техникалық мамандықтар, экономика және бизнес, сондай-ақ әлеуметтік ғылымдар. Аталмыш рейтинг бірінші кезекте талапкерлер үшін қажет. Рейтинг мамандық таңдауда дұрыс бағдар көрсетеді. Рейтинг университеттерге демеу болып, білім беру бағдарламаларына түзетулер мен өзгерістер еңгізуді және қандай бағыттар бойынша жұмысты күшейту керектігін көрсетуі мүмкін».

Рейтингті құрудағы басты критерийлердің бірі – оқу бағдарламасындағы әдебиеттің өзектілігі, пәндердің жаңашылдығы, түлектердің жұмысқа орналасу деңгейі, орташа айлық атаулы жалақы, бағдарламалардың сұранысқа иелігі және түлектер арасында өткізілген сауалнама. Сауалнамаға жалпы есеппен өткен жылдың 3000 түлегі қатысқан.

Рейтингте Алматы Менеджмент Университеті «Есеп және аудит» мамандығы бойынша 1-орынды, «Қоғаммен байланыс» мамандығы бойыншы 1-орынды, «Маркетинг» мамандығы бойынша 5-орынды, «Экономика» мамандығы бойынша 12-орынды,  «Қаржы» мамандығы б-ша 13-орынды, «Ақпараттық жүйелер» мамандығы б-ша 21-орынды иеленген.

 

 

Рейтинг нәтижелері

Жобаны әрі қарай жалғастыру көзделіп отыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жылдың соңына дейін тағы бірнеше рейтинг жарық көрмек.

Бөліс: