Қазақстандық жоғары оқу орны МВА бағдарламасы жаһандық QS рейтингінің ТОП-100 -дік қатарына енді!
2020 жылдың 30 маусым күні QS World University Rankings** әлемдік рейтинг агенттігінің ең үздік жаһандық EМВА бағдарламаларын жариялады, аталған жаңалықты төмендегі сайттан QS: https://www.topmba.com/emba-rankings/global/2020 оқып білуге болады.
Ең үздік ТОП-100-діктер қатарына келесідей университеттер кірді: MIT (Sloan) (АҚШ), London Business School (Ұлыбритания), IE Business School (Испания), Sabanci University Business School (Түркия), CEIBS (Қытай), Lee Kong Chian Business School, Singapore Univeristy (Сингапур), IAE Business School (Аргентина).
Аталған рейтингте AlmaU–мен қатар ең үздік EMBA бағдарламасы бар мынандай бизнес мектептер тұр: Sydney Business School, University of Wollongong (Австралия) на 94 месте и Katz Graduate School of Business, University of Pittsburgh (АҚШ) 96 орында орналасқан.
2020 жылы QS Global EMBA Rankings рейтингіне әлемнің 35 елінен 161 EMBA бағдарламасы кірді. Ең көп EMBA бағдарламасы бар елдер : Америка Құрама Штаттары (105), Ұлыбритания (27), Канада (18), Австралия (13) және Франция (9). ТМД елдерінен 2020 жылдары рейтингке Ресей елінің бизнес мектептері енді – СПбМУ-дың Жоғары Менеджмент мектебі; (97 орын) және ММХҚИ-дың Халықаралық құзіреттілік және бизнес мектебі (101+ орын).
*QS Global EMBA Rankings - Quacquarelli Symonds ұсынатын EMBA бағдарламасы бар әлемдегі ең үздік университеттердің жаһандық рейтингі және бұл тізім 2017 жылдан бастап жыл сайын жарияланып тұрады. Рейтингке 2020 жылы 161 бизнес мектеп, 2019 жылы - 156, 2018 жылы - 143 кірді.
EMBA бағдарламалары бойынша QS рейтингісіндегі әлемнің үздік университеттерін бағалау бес шарт бойынша жүргізіледі: қызметтік-мансаптық өсу (20%), әртүрлілік (10%), жұмыс берушілер арасындағы бедел (30%), атқарушы профиль (15%), ойлау көшбасшылығы (25%) .
** QS World University Rankings - Quacquarelli Symonds ұсынатын әлемдегі ең үздік университеттердің жаһандық рейтингі және ол 2004 жылдан бастап жыл сайын жарияланып тұрады.