Қазақстанда инженерлік менеджмент бойынша бірегей мектеп пайда болды!

Жаңалықтар

Маусым 27, 2016

Қазақстанда инженерлік менеджмент бойынша бірегей мектеп пайда болды!

Жақсы жаңалық!

Биыл таңдау пәніне  физиканы көрсеткен  ҰБТ мен кешенді тестілеуді ойдағыдай тапсырған түлектер AlmaU-ға жаңа екі мамандықтың біріне түсе алады, олар -Software Engineering – Бағдарламалық  Инженерия және  Business Analytics and BigData – Бизнес аналитика және Жаһандық деректер.

Aлматы Менеджмент Университеті ( бұрынғы ХБА) n+i и SFERE француз консорциумымен бірлесіп бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша Инженерлік Менеджмент Мектебінің ашылғанын мақтанышпен хабарлайды.

Бұл инжиниринг саласы бойынша халықаралық деңгейдегі алғашқы мектеп, ол тек АТ және инженерия мамандарын дайындап қана қоймай, жаңа ұрпақ менеджерлерін әзірлейді.

Мектеп жобасы 2015 жылы Франция мен Қазақстан президенттері Франсуа Олланда және  Нұрсұлтан Назарбаевтың  кездесуінде туған ой болатын. Сол кезде екі мемлекеттің білім және ғылым министрлері   қазақстандық жоғарғы оқу орындарының  франциялық жоғарғы инженерлік мектептермен ынтымақтастығына ерекше мән берілген келісімге қол қойған. Сол уақытта Қазақстанда  франциялық n+i инженерлік мектептері желісі арқылы жүзеге асырылып жатқан  жұмыс құрылымдық жобалармен аяқталып, соның біріне Almaty Management University қосылды.

Жаңа Мектепке студенттер алған кезде  компаниялар гранттарына ерекше көңіл аударылады, себебі  бизнес Мектепте АТ және инженерия бойынша өзіне қажетті мамандарды  орналастыра алады, осыған орай өзін грант беруші ретінде көрсете алады, осы шара  түлектерге алғашқы қадамдарынан бастап  жұмыс орнын табуға көмектеседі.  

Инженерлік менеджменті Мектебінің өзіндік ерекшелігі -  инженерлік IQ жоғары, бірақ оқу ақшасын төлей алмайтын  аймақтардан келген таланттарға жол ашу. Сонымен осындай адамдарға әлеуметтік жеңілдіктер мен гранттар беріледі, бұл  жоо әлеуметтік жауапкершілік саясатын жүзеге асырудағы Мектеп қызметінің бір ғана бөлігі.

Инженерлік менеджмент Мектебінің алғашқы екі мамандығы 2016 жылдың күзінде   бакалавриат пен   магистратурада  эксперименталды білім беру бағдарламасы бойынша  басталады.  Бұл МАМАНДЫҚТАР:

  1. Software Engineering – Бағдарламалық  Инженерия;
  2. Business Analytics and BigData – Бизнес аналитика және Жаһандық деректер.

Бірлескен бағдарламалар бойынша оқу төмендегідей форматта жүреді:

1. БАКАЛАВРИАТ: AlmaU-да 2 жыл +N+I консорциумы құрамына кіретін жоо-да 2 жыл;

2. МАГИСТРАТУРА: 1 жыл AlmaU –да + N+I консорциумы құрамына кіретін жоо-да1 жыл;

ОҚУ ТІЛІ: ағылшын.

Оқу қорытындысы бойынша, бағдарламаны меңгерген түлектерге салалық бейіні бойынша инженер-менеджер  академиялық дәрежесі  беріледі:

  • «Бағдарламалық Инженерия» мамандығы бойынша инженерлік менеджмент бакалавры  
  • «Бизнес аналитика және Жаһандық деректер» мамандығы бойынша  инженерлік  менеджмент бакалавры;
  • «Бағдарламалық Инженерия» мамандығы бойынша инженерлік менеджмент магистрі;
  • «Бизнес аналитика және Жаһандық деректер» мамандығы бойынша инженерлік  менеджмент магистрі;

Бірлескен білім беру бағдарламаларының ерекшелігі - шетелдік консорциумның  серіктес жоо-ларының ақпараттық білім беру технологияларын пайдалану ( Францияның  70-тен астам  инженерлік мектептері); білім беру модельдерін шетелдік  серіктес жоо-лар базасында зертханалық жабдықтарды қолдана отырып, өту; бірлескен бағдарламаның түлектерінде қос дипломның болуы; Франция компанияларында практикадан өту мүмкіндігі.

Мектеп көптілік ортаға бағытталған болады, сондықтан оқыту ағылшын және француз тілдерінде жүреді.

Толық ақпарат алу үшін Қабылдау комиссиясына хабарласуыңызды сұраймыз!

Байланыс: +7 (727) 313 30 90 (93)

Сайт: www.almau.edu.kz.

Мекен-жайы: Алматы қаласы,  Розыбакиев көшесі, 227

Бөліс: