«Қазақстан жоғары оқу орындарының мектептерді қолдауы» атты әлеуметтік жобаның XXI кезеңі
2019 жылдың 1-5 сәуір аралығында «Мектептердің, Университеттердің заманауи міндеттерін операциялық, стратегиялық, білім беру, тұлғалық деңгейде шешу» тақырыбында «Қазақстан жоғары оқу орындарының мектептерді қолдауы» атты әлеуметтік жобаны өткізу жоспарланып отыр. Бағдарлама барысында тақырыптар кең көлемде талқыланатын болады.
Курсқа қатысатын негізгі аудитория жалпы білім беретін мектептердің әкімшілігі мен педагогикалық құрамының өкілдері болады. Дегенмен, AlmaU философиясы бойынша мектеп пен жоғары білімнің сабақтастығы сақтала отырып, бұл жолы оқуға Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының өкілдері де қатысатын болады. Осындай тәжірибеге бай зияткерлік ортада тыңдаушылар инновациялық білім беру бағдарламаларын дайындап, басқарушылық құзыреттілігін жетілдіре түседі деп күтілуде.
Апталық курс барысында оқытудың әр түрлі формалары мен технологиялары қарастырылады: шеберлік-сабақтар мен воркшоптар, тренингтер мен пікірталас алаңдары (кейстер коллекциясымен жұмыс) болады. Әр адам оқу қоржыны мен таңдаған бағыты бойынша белгілі бір нәтижеге қол жеткізеді.
Тренинг қоржыны төрт тректен тұрады, олар: "Білім беру бағдарламаларының педагогикалық дизайнын қайта құру. Білім берудегі инновациялық технологиялар мен әдістемелер", "Тиімді мектеп бағдарламасы және күннің силлабусы: тұжырымдама, түсіндіру және қалыптастыру", "Жетекшінің эмоциялық интеллектісі", "Оқытушылардың ойлау дизайны". Оқу барысында тыңдаушылар топтарға бөлініп, өз бағыттарын таңдайды. Мұндай таңдау оларға тақырыпты жетік меңгеріп, ойландырып жүрген сұрақтарына жаттықтырушыдан жауап алуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, бағдарлама барысында практиктер қосымша сараптамалық дәрістер беретін болады. Атап айтқанда: "Білім беру ұйымдарында инновациялық процестерді басқару", "Білім берудегі басқарушы педагогтың жеке капиталы", "Білім беру бағдарламаларына инклюзия қағидаларын енгізу бойынша жол картасы", "Білім беру саласындағы фандрайзинг", "Инновациялық электронды оқыту ресурстарын қолдану теориясы мен практикасы", "Білім беру мекемелеріндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуде біз нені ескермейміз?". Тәжірибелі де білікті сарапшылар өз тақырыптарының теориялық және практикалық қырларын ашып түсіндіретін болады.
Курсқа қатысу: 25 000 теңге
Өткізілетін мерзімі: 1-5 сәуір, 2019 ж.
Сабақтардың өткізілетін орны: Алматы қ., Розыбакиев к-сі, 227, Knowledge Building, AlmaU
Бағдарлама: https://bitly.su/LosxC6T
Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет!
Қатысуға байланысты сұрақтарды Centre for Teaching Excellence жоба менеджері Жанабаева Нургулден анықтап білуге болады.
E-mail: n.zhanabayeva@almau.edu.kz