Қазақстан халықтарының тілдер күні
27 қыркүйекте AlmaU Language Center Қазақстан халықтарының тілдер күніне арналған «Тіл - татулық тірегі» атты іс-шара өткізді. Тілдер күні - көпұлтты еліміздегі халықтардың достығы мен бірлігін білдіретін мереке. Аталған іс-шара онлайн режимінде өтті. Бұл мерекенің мақсаты халықтың мәдени мұрасына студенттердің қызығушылығын арттыру және Қазақстанда тұратын түрлі ұлттарды құрметтеуге тәрбиелеу. Language Center директорының орынбасары З.Т. Ілиясова 1 курс студенттерін мерекемен құттықтап, таңдаған мамандықтарын табысты түрде игеруге және шет тілдерін үйренуге шақырды.
1 курс студенттері қазақ, түрік, ағылшын тілдерінде ән айтып, өлең оқып, өнерлерін көрсетті. Бұл мерекелік шарада «Адай», «Науаи» күйлері шырқалды.
Студенттер викторинаға қатысып, лингвоелтану саласындағы білімдерін, әр елдің тілін, мәдениетін және дәстүрін жақсы меңгергендерін көрсетті. Мерекелік іс-шараны Language Center оқытушылары Г.А. Садыр, Г.Ж. Жұбанова, Л.Б. Бегалиева, А.О. Нұртазина ұйымдастырды. Алматы Менеджмент Университетінде өз ана тілдерін және мемлекеттік тілді ғана емес, шет тілдерін де жетік меңгерген түрлі ұлт өкілдері білім алуда.