"Қазақ тілін оқытудағы жаңғыру мен жаңару" тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Жаңалықтар

Наурыз 03, 2018

"Қазақ тілін оқытудағы жаңғыру мен жаңару" тақырыбында дөңгелек үстел өтті

23 ақпанда Алматы Менеджмент Университеті Тілдерді дамыту орталығының Knowledge Building аудиториясында «ҚЫСҚЫ МЕКТЕП 2018 ІЗІМЕН: ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢҒЫРУ МЕН ЖАҢАРУ» атты дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелде AlmaU оқытушылары бірнеше тақырыпта өз ойларымен бөлісті:


1. Аға оқытушы Бейсенбиев Б.К. – «Қашықтықтан оқыту әдістері»
2. ф.ғ.к. Құрманғожаева Э.С. – «Тұлғаға бағытталған оқытудың тиімді әдістері»
3. Аға оқытушы Багиева Ш.М. – «Студенттердің тілдесім әрекетін дамытатын интерактивті әдістер»
4. Ф.ғ.к. Садыр. Г.Ә. – «Студенттердің аралық және қорытынды жұмыстарын қабылдаудың жаңа формасы»
5. Ф.ғ.к. Байелі Ә.Ж. – «Студенттерді топқа бөлу критерийлері»
6. Ф.ғ.к. Акимбекова Г.Ш. – «Білім беру саласындағы анимациялық видео-тұсаукесердің ерекшелігі».

Дөңгелек үстелге қатысушы Каримова Г.И., Тілдерді дамыту орталығының аға оқытушысы, іс-шара жайлы өз пікірімен бөлісті:

«Әріптестерімнің кәсібилігіне тағы да бір көз жеткіздім. Іс-шараның ұйымдастырылуынан бастап, спикерлердің сөз сөйлеуіне дейін – барлығы жоғары дәрежеде өтті. Оқытушылардың барлығы – өз ісінің майталмандары. Біз онлайн-режимде тілдік ойындар ойнадық, студенттермен сабақтан тыс формада тиімді тілдесудің сырын білдік, қолға жіп байлап, қазақ тілінде сөйлеу кезіндегі тілдік тұсаулардан босадық, студенттердің түсірген бейнебаяндарын қарадық. Іс-шарада болған қызықты сәттердің барлығын айтып жеткізу мүмкін емес».

Бөліс: