Қалай AlmaU студенттері ірі бизнесті ішкі жағынан үйренді
Студенттерде университетті бітіргенше корпоративтік рухты сезіну үшін мүмкіндік сирек кездеседі. 29 және 30 қазанда осындай мүмкіндікке қол жеткізуге жағдай жасаған Алматы Менеджмент Университеті нің ( бұрынғы ХБА) мансапты жоспарлау орталығы болды. Орталық біздің университетіміздің студенттеріне Phillip Morris Kazakhstan компаниясына және оның кеңсесі Ernst&Young танысу сапарын ұйымдастырды.
Бизнес-экскурсия Phillip Morris Kazakhstan (РМК) компаниясынан басталды, мұнда жастар түрлі бөлімдердің жұмыс ерекшелігімен танысты (қаржы, маркетинг, сатылым, HR) әрі өндірістің бүкіл үдерісін, қаттауды, дайын өнімді транспорттауды өз көздерімен бақылады. Студенттер РМК әлеуметтік жобалары туралы білді, мысалы, олар мүмкіндігі шектеулі адамдарды тігін және кулинария цехына қалай тартатынын көрсетті, ауыл тұрғындарына агробизнесте көмектеседі.
Студенттер үшін арнайы ұйымдастырылған бизнес –ойын Phillip Morris Kazakhstan компаниясының ашық есік күнінің қызықты бір бөлігіне айналды, ойын барысында AlmaU қонақтары өздерінің іскери дағдылары мен тапқырлықтарын көрсетті.
Phillip Morris Kazakhstan компаниясы белгілі бір кезеңдерден өтіп, өздерін көрсете білген 2,3 және 4 курс студенттерін шақырған болса, 30 қазанда өткен Ernst&Young -дағы Business Party іс-шарасына университет ұсынған оқу үздіктері барып қатысты.
Бизнес-ивент аясында студенттер серіктестермен, аға менеджерлер және компания менеджерлерімен пікір алысып, оларға табысты мансапқа қол жеткізудің құпиясымен бөлісуге байланысты сұрақтарын қойып, Ernst&Young- ға қызметке тұру үшін қандай білім, дағды керек екені жайында нақтылап сұрап алуға тырысты.
Қатысушылардың пікірі бойынша осындай үлгідегі іс-шаралар жастарға келешектерін анық жоспарлауға, Ernst&Young немесе Phillip Morris Kazakhstan сияқты әлемдік деңгейдегі компанияларда жұмыс істеудің болашағын түсінуге мүмкіндік береді дейді.