KAFA Cinema Lab жеңімпаздарды жариялады
2022 жылдың 19 қыркүйегі мен 23 қыркүйегі аралығында Алматыда Корей кино өнері академиясы (KAFA) мен AlmaU медиа және кино мектебінің бірлесіп ұйымдастыруымен KAFA Cinema Lab өтті, онда қазақстандық және корей жас режиссерлері бірлескен өндіріс үшін киножобалардың сценарийлік идеяларын әзірледі.
2022 жылдың тамыз айында осы зертханаға қатысушыларға ашық конкурс жарияланды, оған болашақ киножобаға арналған 26 өтінім берілді. Оның ішінде Қазақстан тарапынан 6 қатысушы іріктелді. Оңтүстік Кореяда да байқау жарияланып, алты үміткер іріктелді. Қыркүйектің бірінші жартысында он екі қатысушы бір-бірінің жобаларымен онлайн танысып, продюсерлер мен режиссерлерден тұратын алты топты құрайтын алты қорытынды жобаны таңдады. Алматыдағы оффлайн апталықта бұл жобаларды екі елдің қатысушылары мен тәлімгерлері жан-жақты талқылады. «Даму» деп аталатын кезеңде жұмыс жүргізілді - одан әрі бірлескен өндіріс мақсатында сценарий идеясы әзірленді.
Жеңімпаздар бүгін белгілі болды:
Режиссер Айжан Қасымбек пен продюсер Ролен Чжэон түсірген «14.5» жобасы үздік атанды. Онда ауылда тұрып, сіңлілеріне қарайтын 14 жарым жастағы жасөспірім қыздың оқиғасы баяндалады. Оның арманы - қалаға келіп, жаңа өмір бастау.
Режиссері Кёенгсу Сон және Зарина Кисикова продюсері болған «Kore-saram» жобасы «Көрермендер көзайымы жобасы» деп аталды. Тарихи отанына оралу мүмкіндігіне ие болған Қазақстанда тұратын кәрістің егде әйелінің оқиғасы.
Қазақстан тарапынан жоба жетекшісі ретінде қазақстандық-француздық продюсер Юлия Ким болды. Кинорежиссерлар Дәрежан Өмірбаев, Яна Скопина, Дина Жұмабек дәріс оқыды. Корей тарапынан тәлімгерлер – режиссер Джанг Джун Хван, продюсер Чул Шин, сценарист Джи Хае Сон қатысты.
KAFA Cinema Laboratory жұмысына AlmaU медиа және кино мектебінің оқытушылары белсенді қатысты: кинотанушы Гүлнар Әбікеева, сценарист Ефрат Шарипов, оператор Шыңғыс Әбиров, PR маманы Лаура Барысова. Зертхана жұмысы аяқталғаннан кейін KAFA директоры Ганшик Джо мен «ШМиК» AlmaU деканы Анара Секеева екі елдің қатысушыларына естелік сыйлықтар табыс етті.