AlmaU –дағы Placement Testing week қорытындысы: Таңдау жасалды!

Жаңалықтар

Желтоқсан 09, 2015

AlmaU –дағы Placement Testing week қорытындысы: Таңдау жасалды!

AlmaU  мансапты жоспарлау және түлектермен жұмыс Орталығының студенттерге Қазақстанның ірі компанияларында кәсіби тестілеуден өтуге мүмкіндік беретін жаңа жобасы  аяқталды.  

Жобаның ерекшелігіне оның ұйымдастырылу түрі жатады, себебі дәстүрлі бос орындар жәрмеңкесінде жұмыс берушімен студенттің байланысы тек түйіндеме берумен шектелетін болса,  Placement Testing week  болашақ мамандарға өз әлеуетін  көрсетіп,  бүгінгі HR қызметінің тестілерінен және нақты тапсырмаларынан өтіп көру мүмкіндігін береді (жоба туралы толығырақ  сілтеме бойынша).

Екі апта бойы тестілеуге 100-ден астам студент қатысты және олардың 34-і  Coca Cola, Choсolife, E&Y, KPMG және  AirAstana сияқты компанияларға машықтанудан өтуге әрі қарай жұмысқа тұру мүмкіндігімен  шақырылды.

Ең маңыздысы, нақты жұмыс берушілер AlmaU жобасына қызығушылықтарын әлі де танытуда , міне, жақында ғана белгілі Deloitte  компаниясы дарынды үміткерлерді  іздеу барысында  жобаға қатысуға шешім қабылдапты. Желтоқсанда Deloitte компаниясының менеджері және AlmaU  түлегі (!) Валерия Ким барлық қатысамын деушілерге арнап ашық дәріс өткізеді. Валерия «Мансапты құруда табысқа жету құпиясымен» бөліседі.  2016 жылдың қаңтарында мансапты жоспарлау Орталығы  Deloitte  үшін тағлымнамадан өтушілерге таңдау жасап, университет студенттері арасында кезекті тестілеу өткізеді.

Бөліс: