AlmaU –дағы Placement Testing week қорытындысы: Таңдау жасалды!
AlmaU мансапты жоспарлау және түлектермен жұмыс Орталығының студенттерге Қазақстанның ірі компанияларында кәсіби тестілеуден өтуге мүмкіндік беретін жаңа жобасы аяқталды.
Жобаның ерекшелігіне оның ұйымдастырылу түрі жатады, себебі дәстүрлі бос орындар жәрмеңкесінде жұмыс берушімен студенттің байланысы тек түйіндеме берумен шектелетін болса, Placement Testing week болашақ мамандарға өз әлеуетін көрсетіп, бүгінгі HR қызметінің тестілерінен және нақты тапсырмаларынан өтіп көру мүмкіндігін береді (жоба туралы толығырақ сілтеме бойынша).
Екі апта бойы тестілеуге 100-ден астам студент қатысты және олардың 34-і Coca Cola, Choсolife, E&Y, KPMG және AirAstana сияқты компанияларға машықтанудан өтуге әрі қарай жұмысқа тұру мүмкіндігімен шақырылды.
Ең маңыздысы, нақты жұмыс берушілер AlmaU жобасына қызығушылықтарын әлі де танытуда , міне, жақында ғана белгілі Deloitte компаниясы дарынды үміткерлерді іздеу барысында жобаға қатысуға шешім қабылдапты. Желтоқсанда Deloitte компаниясының менеджері және AlmaU түлегі (!) Валерия Ким барлық қатысамын деушілерге арнап ашық дәріс өткізеді. Валерия «Мансапты құруда табысқа жету құпиясымен» бөліседі. 2016 жылдың қаңтарында мансапты жоспарлау Орталығы Deloitte үшін тағлымнамадан өтушілерге таңдау жасап, университет студенттері арасында кезекті тестілеу өткізеді.