AlmaU-да гид-жетекшілер курстары ашылды!
Алматы Менеджмент Университетінің (бұрынғы ХБА) экономика және сервис Мектебі студенттердің назарына гид-жетекшілердің қысқа мерзімді курсын ұсынады!
Гид – шығармашылық кәсіп, оны игергісі келген адамның жан-жақты, зерделі болғаны жөн. Себебі гид-жетекші болуға үйрену үшін үнемі өзіңнің деңгейіңді көтеріп отыруың керек, жақсы гидке барлық уақытта басқа осы кәсіппен байланысты бағыттарда да сұраныс болады: туристік компанияда менеджер, өз бизнесінің иегері, халықаралық компанияның қызметкері сияқты. Бұл мамандық , әсіресе, 2017 жылы Алматыда өтетін Қысқы Универсиада алдында, «Экспо-2017» кезінде өзекті әрі сұранысқа ие.
AlmaU-дың гидтер курсына арналған бағдарлама 4 бөліктен тұрады: туризм негіздері, ұйымдастыру және бизнес әкімшілік, коммуникациялық дағдылар және спорттық-туристік дайындық.
Гид кәсібін үйренгісі келетіндер міндетті түрде Қазақстан тарихын (археология, жалпы тарихта ҚР даму тарихын, Ұлы Жібек жолын), географияны ( ҚР жәдігерлері, өлкетану), мәдениеттану (этнография, өнертану, мәдениет пен салт-дәстүрлер) білулері керек.
«Туризмдегі менеджмент» бөліміне басқаруды ұйымдастыру кіреді, «Туризмдегі маркетин» бөліміне туристік тауарлар мен қызмет түрлері, туристік өнімді алға жылжыту, дайындау және жоспарлау кіреді. Ақырында, «Туризм экономикасы» туризмдегі жаһандық тренділерді, туризмнің халықаралық нарығын, туристік қызмет түрлерін есептеуді оқытуды жоспарлайды.
Бұдан басқа келешек гидтер тіл мәдениетін және шешендік өнерді, ағылшын және қазақ тілдерін, кросс-мәдениет коммуникациясын үйренеді. Әрине, әрбір гид қауіпсіздік техникасы негіздерін, алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын, туристік жорықтар кезінде өзін ұстау тәртібін білулері керек.
Оқудың ұзақтығы 4 ай. Курсты аяқтағаннан кейін тыңдаушылар үш сертификат алады, олар - Almaty Management University, Қазақстандағы туристік білім беру орталығы және кірмелік туризм Қазақстан Қауымдастығы сертификаттары. Курсты табысты аяқтаған барлық студент бірыңғай гид-жетекшілер реестріне енгізіледі және алдағы уақытта ірі туристік компанияларға жұмысқа орналастырылады.
Барлық сұрақтар бойынша 233 бөлмеге келіп, білуге болады ( Экономика және Сервис Мектебі), байланыс тел.: 8 771 000 71 11, 8 (727) 313 23 76, ішкі 546, Дүйсенғалиев Ансар.