III Халықаралық форум қорытындысы
23 мамыр 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласында III Халықаралық форум өтті.
Форумның ашылу салтанатында Премьер-Министрдің орынбасары Г.Н. Әбдіқалықова құттықтау сөз сөйледі. Г.Н. Әбдіқалықова елдегі кәсіпкерлік білім берудің маңыздылығын атап өтті және мемлекеттің көзқарасы мен қабылданған шешімдері туралы өз сөзінде егжей-тегжейлі тоқталды. Сонымен қатар, университеттермен жұмыс істеу экожүйесін құру және енгізу бойынша болашақтағы жоспарлар жайлы сөз қозғады.
AlmaU президенті А.Б. Қожахметов құттықтау сөзінде оқушылар мен студенттерді Жоғары оқу орындары мен кәсіпкерлердің инновациялық жобаларына қатыстыруға бағытталған идеялары жайлы айтты. Сонымен қатар ол республиканың 4 өңіріндегі - Қарағанды, Ақтөбе, Қостанай және Павлодар қалаларындағы 8 аймақтық университеттердің трансформациялануын және AlamU мен ERG «Студенттік кәсіпкерлік экожүйесі» жобасы туралы сөз қозғады. А.Б. Кожахметов өз сөзінде осы жылдың 21 мамырында Қостанайда өткен іс-шараны ерекше атап өтті, осы жобаның түлектері Қазақстан Республикасының Президенті - Қасым-Жомарт Тоқаевқа өздерінің негізгі нәтижелерін көрсетті.
Білім және ғылым вице-министрі Ф. Н. Жақыпова өз сөзінде – елдің басты капиталы адамның дамуына, атап айтқанда, құрылымға, мамандар даярлаудың деңгейі мен сапасына көңіл бөлу қажеттігіне баса назар аударды. Оның пікірі: "60-тан астам ЖОО-да "Кәсіпкерлік негіздері" пәні енгізілді. Студенттердің кәсіпкерлік құзыреттілігін, дағдыларын арттыру және болашақ бизнесмендерді дайындау мақсатында бағдарламалар мен курстар әзірленуде". Ф. Н. Жакыпова ханым өндіріс, бизнес және білім берудің байланыстары мен ынтымақтастығы туралы ерекше атап өтті.
"АХҚО Әкімшілігі" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары" Е. Б. Рысмағамбетов Астана Халықаралық қаржы орталығының жанындағы үздіксіз кәсіби даму бюросының миссиясы жайлы айтты. Оның сөзінен үзінді: "Академиялық серіктестік шеңберінде біз еліміздің барлық жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықта жұмыс істейміз және Қазақстанның жетекші университеттерінде жаңа курстар мен мамандықтарды енгізудеміз. Мысалы, біз магистратура бағдарламаларына ислам қаржысы, тәуекелдерді басқару және қаржылық талдау сияқты бағыттарды енгіздік.
Форум барысында АҚШ, Ұлыбритания, Литва Республикасы, Германия, Ресей, Израиль, Украина және Өзбекстан сияқты әлемнің 8 елінен келген кәсіпкерлік білім сарапшылары арасында пленарлық отырыстар мен пікірталастар өткізілді:
- "Төрт тағанды спираль: Мемлекет, білім, бизнес және азаматтық қоғам серіктестігі»
- "Тиімді кәсіпкерлік білім: құзыреттілік, кейстер, жаңа идеялар»
- "Бақыт және сәттілік траекториясы. Қоғамға қызмет ету»
Пленарлық пікірталастар кәсіпкерлік білім беру бойынша таңдалған тақырыптардың және атап айтқанда форум тақырыбының өзектілігін көрсетті. Қатысушылар қызу пікірталас барысында форумның күн тәртібінде көптеген көкейкесті және мазмұнды көзқарастарын қозғады. Кейбір маңызды пікірлер де айтылды, мысалы Тілектес Адамбеков, Eurasia Blockchain Fintech GroupLimited Директоры: «кәсіпкерлік университеттер студенттің таланттарын ашуға көңіл бөлулері керек»
Талғат Нарікбаев, М.С. Нарікбаев атындағы KAZGUU ректоры: "Таяудағы 10 жылда teaching-ға бағытталған ЖОО-лар жойыла бастайды, ал зерттеуші Жоғары оқу орындары тапсырыс берушілермен байланыс жасайтын болады. Мен әрбір 3 жыл сайын дипломды қайтадан бекітуді ұсынамын, өйткені уақыт тез өзгеруде».
Форум жұмысына мемлекеттік сектор, сараптамалық және академиялық қауымдастық, сондай-ақ кәсіпкерлік сала өкілдері ретінде барлығы 35 спикер қатысты.
"Университет дамуының стратегиясы: фандрайзинг, эндаумент-қорлар және түлектерді қатыстыру" тақырыбында #EdCrunch негізін қалаушы және бағдарламалық директоры Нұрлан Қиясовтың қонақ ретінде өткізген шебер сабағы форумға қатысушылардың көпшілігінің назарын аударды. Аталған шеберлік-сабақ түлектермен жұмыс жасауға кеңінен жол ашты.
Форумның маңызды сәтінің бірі Нұр-Сұлтан қаласының 9-11 сынып оқушыларына арналған StartUp Making Day атты стартап құру бойынша чемпионат болды.
Чемпионат форум алаңында теория мен тәжірибенің ұштасуына ықпал етті. Оқушылар командасы жаңа идеялар ойлап тауып, экономиканың келесі секторлары бойынша жаңалықтар жасады:
- Smart City (Ақылды қала)
- Smart School (Ақылды мектеп)
- Smart Classroom (ақылды сынып)
Форумның қорытынды бөлімінде Startup Making Day жеңімпаздары марапатталды.
Форумның ақпараттық демеушілері еліміздің "Хабар", "Астана", "Хабар24", "STV", "Atameken Business Channel" сияқты жетекші телеарналары, сондай-ақ "Егемен Қазақстан" басылымдарымен, "Kazinform" халықаралық ақпараттық агенттігі және "SULTAN"журналы болды. 2019 жылы 22-23 мамырда өткен Халықаралық Форум кәсіпкерлік жоғары оқу орындарының жұмысына жаңа серпіліс берді. Ұйымдастырушылар келесі жаңа оқу жылында білім қоғамдастығы креативті идеялар мен оларды практикаға енгізу алаңына айналатынына сенімді. Кәсіпкерлік ойлау мен бастамаларды енгізуде жаңа белестерді бағындыру үшін Алға!