Гонконгта Service learning (қоғамға қызмет ету) бойынша жоғары білім берудің халықаралық симпозиумы өтті
12 -17 қарашада Гонконгтың Коулун қаласында "21 ҒАСЫР. ИНКЛЮЗИВТІ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН SERVICE-LEARNING МОДЕЛІ (ҚОҒАМҒА ҚЫЗМЕТ ЕТУ )» тақырыбында Service learning бойынша жоғары білім берудің халықаралық симпозиумы өтті, іс-шараны Линнань университеті (Lingnan University) ұйымдастырды.
Симпозиумға оқытушылар, Service learning әкімшілері, университеттер мен орта мектептердің қызметкерлері мен оқытушылары, зерттеушілер, көшбасшы-жастар, корпоративтік серіктестер қатысты.
Симпозиум барысында Service learning саласына бастамаларды енгізу және бағалау стратегиясы талқыланды, әлеуметтік өзгерістер мен білім беру реформалары S-L қалай өзгертетіндігі талқыланды. Мекемелер арасындағы әлеуетті нығайту бойынша әріптестік қатынастарды дамыту қарастырылды, сондай-ақ аймақтарда Service learning-ті институт деңгейіне айналдырудың қазіргі кезеңіне шолу жүргізілді.
Аталған іс-шараның спикерлері халықаралық университеттердің әлеуметтік даму саласындағы сарапшылары болды, оның ішінде ұйымдастырушы Lingnan университеті де бар, сондай-ақ әртүрлі даму орталықтарының өкілдері болды. Олардың талқылаған тақырыптары:
- «XXI ғасырдағы білім»
- «Service learning арқылы таланттарды ғаламдық деңгейде дамыту»
- «Жаһандық азаматтық саласындағы техно-инновациялар және білім»
- «Тұрақты дамушы қаладағы жаһандық инновациялар»
- «Стартап және инклюзивті кәсіпкерлік»
- «Бір белдеу - бір жол» бастама аясындағы ынтымақтастық»
Симпозиумда Almaty Management University ректоры Гүлмира Курганбаева "Service learning арқылы таланттарды ғаламдық деңгейде дамыту" атты баяндамасымен таныстырды. Өз сөзінде Гүлмира Аманжолқызы Service-learning әдісі арқылы рухани интеллекті тәсілін қолдану, білім беруді дамыту туралы айтты. Оның айтуынша, Қазақстанда аталған әдістемені қолданғандықтан, 1-ші курс студенттері әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруда жақсы нәтижелерге жетуде. Сондай-ақ AlmaU ректоры рухани ақыл-ой дамуының маңыздылығын атап өтті. "Университетте рухани ақыл-ой дамитын болса, онда құндылықтар пайда болады, тиісті мәдениет дамиды. Бұл жағдайда университет әлеуметтік мәселелерді шешетін және ой бөлісетін алаң болып табылады. AlmaU-да Service-learning әдісі қолданылады, осылайша рухани ақыл-ойды дамыту арқылы жалпы қоғамға үлес қосуда".
Lingnan University - Линнань Гонконгтық Университет Қытайдағы ең көне оқу орны болып табылады. Университет толықтай жеке меншік оқу орны. Университеттің барлық 12 оқу факультетінде білім ақылы түрде өткізіледі. Линнань Университетінің тарихы 80 жылдан асады. Ол Гонконг әкімшілігінің бір бөлімі ретінде Британдық империяның құрамына кірген және католик колледжінің базасында құрылған. Алғашқы кезде оның студенттері әр түрлі дипломатиялық миссиялар қызметкерлерінің және жергілікті әкімшілік шенеуніктерінің балалары болған. 100% шетелдік оқытушылар білім берген. Осы уақыт аралығында Lingnan University ірі жеке жоғары оқу орнына айналды. Оның мәртебесі бүгінде халықаралық дәрежеде белгілі. Күндізгі факультеттердегі студенттердің жалпы санының тек 70% - ы Қытай және Гонконг азаматтары.
Линнань Университетінің білім деңгейі жоғары. Жыл сайын 1,5 мыңнан астам түлек аттестаттаудан табысты түрде өтеді. Олар Қтайдың ең ірі 30 жекеменшік және мемлекеттік корпорацияларының тізімінде орналасқан алдыңғы қатарлы Қытайлық компанияларда жұмысқа орналасады.
2012 жылы университеттің 140 ғалымы мен аспиранттары ғылым мен өнердің әр түрлі салаларындағы түрлі ғылыми сыйлықтар мен марапаттарға ие болған. Университет аумағында заманауи өнер көрмесі ашылып, үнемі жұмыс істеуде. Университетте жұмыс істейтін 14 ғылыми зертхананың әрқайсысы биология, медицина және робототехника саласындағы халықаралық венчурлік қорлармен келісім-шарт жасасып, жұмыс істеуде.