Гүлнар Тұрдалықызы Академиялық адалдық лигасының Жалпы жиналысының төрағасы болып сайланды

Жаңалықтар

Желтоқсан 22, 2022

Гүлнар Тұрдалықызы Академиялық адалдық лигасының Жалпы жиналысының төрағасы болып сайланды

Бүгін Академиялық адалдық лигасы мүшелерінің ортақ шешімімен Гүлнар Тұрдалықызы Академиялық адалдық лигасы Жалпы жиналысының 2023 жылғы төрағасы болып сайланды.

Академиялық адалдық лигасы – бұл Қазақстан Республикасындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының бірлестігі.

Лиганың миссиясы – академиялық адалдықтың негізгі он қағидатын алға жылжыту мен жүзеге асыру арқылы елдегі білім сапасын арттыру.

Лига кеңесі Академиялық адалдық стандарттарын әзірлеумен айналысады. Кеңес жыл сайын оқу үрдісінің ұйымдастырылуына, студенттердің оқу нәтижесіне, сондай-ақ ұйымның құрамына кіретін жоғары оқу орындарының жарық көрген ғылыми жұмыстарының сапасына баға береді. Сондай-ақ сол жоғары оқу орны ұйымның стандарттары мен қағидаттарына қаншалықты сәйкес екенін анықтайды.

Құттықтаймыз!

 

 

 

Бөліс: