«Грациядан» - әсемдік
2016 жылдың маусым айынан бастап Алматы Менеджмент Университетінің (бұрынғы ХБА) Sport&Art Zone бөлігінде көркем гимнастикадан «Грация» мектебі ашылады, топтарға 5 жастан 8 жасқа дейінгі қыздар қабылданады. Жаттығулар аптасы на 3 рет - дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері, сағат 16.00-ден 17.30-ға дейін жүргізіледі.
Көркем гимнастика - ең жас және әдемі спорт түрі, оның пайда болғанына небәрі 100 жылға жуық уақыт болған. Егер көркем гимнастиканы спорттық гимнастикамен салыстыратын болсақ, көркем гимнастика - неғұрлым қолжетімді және қауіпсіз спорт түрі. Ол аэробика және фитнес сияқты белсенді спорт түрлерімен өте жақын, ол икемділікті, әдемілікті, ырғақпен бұралып қозғалуды дамытады. Гимнаст қыздардың дене бітімі, денені тік ұстауы, сымбаты әдемі болды. Бұл қыздар үшін өте маңызды. Көркем гимнастикамен айналысқан қыздар кейін оп-оңай бимен де айналыса алады. Тағы да бір ерекшелігі, басқа да спорт түрлеріндегі сияқты көркем гимнастикамен айналысқанда балалар өздерін көрсете алады. Сүйкімді күлкісі, ырғақпен қозғалған иық, бастың әдемі қимылы, әрбір қозғалыс керемет, артық әрекет жоқ, бәрі өлшеніп жасалатын тәрізді. Қыздар жарысқа қатысып, даңққа жетуді ойламайтын болса, осында үйренген дағдылары өмір бойы қажетіне жарайды.
Жаттығу сабақтарын жоғары білікті бапкерлер жүргізеді:
Тенилбаева Айнура Найзабаевна – Көркем гимнастикадан спорт шебері,
"Грация" КГМ бапкері. Қазақ Спорт және Туризм Академиясын бітірген.
Ким Наталья Викторовна – педагог-хореограф, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер Академиясын бітірген, мамандығы - «Спорт биі педагогі», Zumba Fitness, Zumba Toning биінен лицензияланған инструктор.
Барлық сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласыңыздар:
8 (777) 823-36-65 - Айнура
8 (707) 225-71-38 – Наталья
E-mail: graciyakz@mail.ru, tan_ainura@mail.ru
Website: http://www.graciya-gymnastics.com
Facebook: https://www.facebook.com/groups/166843240325606/
Instagram: http://instagram.com/graciya_gymnastics