Graduation: кәсіби дайындық және біліктілікті арттыру бағдарламасының тыңдаушыларына диплом тапсыру рәсімі

Жаңалықтар

Желтоқсан 09, 2019

Graduation: кәсіби дайындық және біліктілікті арттыру бағдарламасының тыңдаушыларына диплом тапсыру рәсімі

Әрбір түлек үшін диплом алатын күн  ерекше түрде өтеді. Бұл жолы да университетте біліктілікті арттыру және кәсіби қайта даярлау бағдарламасының тыңдаушыларына диплом табыс етілді. AlmaU Жоғары бизнес мектебінің консалтинг және менеджментті дамыту орталығы осы жылдың 6 желтоқсанында "HR-менеджер", "Коммерциялық директор", "Шебер сатушы", "Басшылық қаржысы" бағдарламалары бойынша қысқа мерзімді курстардың дипломдары мен сертификаттары табыс етілді. Іс-шара көңілді жағдайда өтті. Бұл кеште  әр тыңдаушы алған әсерімен бөлісті. Сонымен қатар аталған курстардың тәжірибелік маңызын  арттыру жайлы  ұсыныстар айтылды.

Осы бағдарламаның түлегі Алтын Мырзашова Инстаграм парақшасында курс жайлы ойымен былай деп бөлісті:

"@myrzashovaaltyn Барлық адам сыйлық алғанды, түрлі марапттауларды жақсы көреді.
Жақында мен осы жайлы ойланған едім, мен үшін ең жақсы сыйлық не деп? Шынымды айтайын-мен үшін әдістемелік құралдар, алгоритм түріндегі құнды әртүрлі ақпарат. Мұндай ақпаратты біз әдетте кең білімі бар, кәсіби маманнан және талантты адамдардан ала аламыз. Мұндай адам мен үшін  Татьяна Владимировна Иссык болды. Ол көптеген лауазым мен атақтардың иегері,  оның кітаптарын Гарвард кітапханасынан табуға болады, ФБ-да көптеген жарияланымдардың авторы, жан-жақты тұлға. Ол заңгер, құқық тұрғысынан HR саласының білгірі. Бір модуль көлемінде кодекстермен, заңдармен, актілермен, Конституциямен танысып, жұмыс істеу құралдарын меңгеремін деп ешқашан ойламаған едім...

Жұмыс барысында қолданылатын түрлі қүралдарды, заң анықтамалары жайлы білдім. Жұмыс берушінің, қызметкердің және еңбек шартының қыр-сырын түсіндім. Курс барысында біз кадр қызметінің, басшылардың және еңбек қарым-қатынасының өрескел бұзушылықтары мен қателіктерін,  заңнамалық актілерді, кодекстерді және т.б. қолдану иерархиясын талқыладық. Қызмет баптарын және оны пайдаланатын адамдардың құқықтық тұрғыда сауатсыздығын түсіндік. Мен  елімізде жоғары білікті кәсіби мамандардың  бар екенін  және оларды бағалауымыз керектігін түсінемін. Мұндай қызметкерлер терең ойлап, жан-жақты білім берелді. Тек осындай кәсіпқойларды бағалап, құрметтеуіміз керек. Осындай тамаша кәсіпқой маманның бірі, мен үшін- Татьяна Иссык. Мен  бұл профессордан көп нәрсе үйреніп, білім алу мәртебесіне ие болдым. Осы қызметтеріңіз үшін Рақмет! Сіздерге сәттілік тілеймін".

Консалтинг және менеджментті дамыту орталығы жыл сайын нарық сұраныстарын талдайды және ұсынылатын бағдарламалар түрін  кеңейтіп отырады. 2020 жылдың көктемінде "Денсаулық сақтау саласындағы менеджмент", "Қаржы директоры", "Кәсіпкер 4.0" сияқты жаңа бағдарламалар іске қосылатындығын қуана айта аламыз.

Өтініш беріп, қатысуға тырысыңыздар   https://gsb.almau.edu.kz/trainings/  Өз мүмкіндіктеріңізді жіберіп алмаңыздар!


Биылғы жылғы түлектерді құттықтаймыз! Қызметтеріне табыс тілейміз!

 


 

 

 

 

 


 

Бөліс: