Фрэнсис Фукуяма AlmaU-дың стратегиясымен танысты

Жаңалықтар

Қыркүйек 04, 2023

Фрэнсис Фукуяма AlmaU-дың стратегиясымен танысты

Саясаттанудың құрметті профессоры, әлемдік ойшыл Фрэнсис Фукуяма Алматы Менеджмент Университетінің қонағы болды. Бұрын хабарлағанымыздай, Фукуяманың келуіне AlmaU серіктес болып табылатын «Орталық Азия дамуының Көшбасшылық академиясы» бағдарламасы себеп. Қазақ дәстүріне сүйене отырып, университет қонақтардың құрметіне гала-кешкі ас ұйымдастырды.

AlmaU командасы қонақтарды Алматының көрікті жерлерінің бірі болып табылатын ГАТОБ театрының жанында қарсы алды. Содан кейін барлығы ақ дастархан жайылған «Caffe Del Teatro»-ға бет алды.

Гала-кешкі астың бірінші бөлімі бейресми әңгімеден басталды. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген мықты сарапшылар емін-еркін тілдесті. Ортада шығармашылық, ашықтық және қоғамның игілігі үшін қызмет ету ниеті бары сезілді. Кейін AlmaU ректоры Гүлнар Куренкеева университеттің даму стратегиясын таныстырды:

 

 

Алға, AlmaU!

AlmaU тарихы 1988 жылдан басталады. Бұл университеттің тар жолда тайғақ кешуі еді. Біз өткенімізді мақтан тұтамыз және назарымыз болашаққа бағытталған. Мұны сандар, рейтингтер, кері байланыстар растайды. 2023 жылға қарай біз «comprehensive university» болғымыз келеді. AlmaU қоғамды тұрақты дамытуға ұмтылатын адамдарға арналған әлемдік әмбебап университет атанбақ. Біз әлі де  білім беруді, ғылыми зерттеулер мен кәсіпкерлікті дамыту арқылы әлемді жақсартуды армандаймыз. 2023 жылы білім беру процесінде жаңа ноу-хау AlmaU AlmaU School of Transformative humanities ашылды. Енді біздің бірінші курс студенттері жұмсақ дағдыларды дамытудың бірегей мүмкіндігіне ие. Соның арқасында олар одан да табысты, одан да бақытты бола алады. Бұл бағдарлама қазақтың ойшыл ақыны Абай Құнанбайұлының тұжырымдамасына негізделген. Осылайша жаңа ұрпақтың ойлауы өзгереді, AlmaU студенттерінің болашақ іргетасы қалыптасады. Біз «Uly balqash shaqyrady», «Rector' s club CA+», «Public Trust&Social Capital» сияқты іс-шараларды өткізуді жалғастыра бермекпіз.

«AlmaU университетінің ұжымы көрсеткен қолдауға алғыс айтамын. Біз Көшбасшылық академиясын сәтті өткіздік. Сондай-ақ, қонақжайлықтарыңыз үшін жеке алғысымды білдіремін. Бізге университет қатты ұнады. Түрлі жобаларды жүзеге асырып жатқандарыңызды көріп отырмын. Сіздер білім беріп қана қоймай, қоғамның дамуына үлес қосып жатырсыздар. Бұл мені қуантады. Жобаларыңыз жан-жақты, ішінде әлеуметтік, экологиялық жобалар да бар. Мұның бәрі ауадай қажет, өте маңызды. Болашақта да бірге жұмыс істейміз деп үміттенемін» – деді профессор Фрэнсис Фукуяма.

Бөліс: