Еркін Тәтішев қоры “БесТiрек 2022” бағдарламасы бойынша грантқа сайыс жариялауда
Сен мектеп немесе колледж түлегісің және университетке алғаш рет қадам басқалы отырсың ба?
Кәсіпкерлік саласында білім алып, өз ісіңді ашқың келе ме?
Сен Қазақстан Республикасының азаматысың ба?
Онда сенде Қор грантын ұтып алып, Алматы Менеджмент Университетінің "бизнес-администрирование в области предпринимательства" мамандығы бойынша оқуға түсуге мүмкіндік бар!
Білім гранты келесі шығындарды өтейді:
Барлық оқу мерзімінің 100% құны мен ай сайынғы шәкіртақы
(емтихандардың нәтижесіне байланысты);
Жеке бизнесті ашуға қажетті грант
(стартап гранты);
АҚШ-тағы Babson College-де кәсіпкерлік бойынша жазғы лагерьге қатысу;
(Babson College 2007, 2009, 2012-2016, 2018 жылдары әсіпкерлікті оқытатын ең үздік оқу орындарының ішіндегі №1 2008, 2011 жылдары №2; 2010 жылы №3 орынға ие болды)
Оқу орнына дейін және кері қайту шығындары оқу жылы ішінде бір рет өтеледі
(басқа аймақ тұрғындары үшін).
Грантты қалай ұтуға болады?
Үш кезеңнен тұратын іріктеуден өту қажет:
1Онлайн тіркеуден өту
2Материалдық жағдайды растайтын құжаттар
Өтінімдерді қабылдау мерзімі 30 сәуір 2022 жыл
Маңызды ақпарат
Білім гранттары байқауына қатысам деген жастар Қорға өтінім берумен қатар Университеттің қабылдау комиссиясына жолығып, онда бекітілген мерзім ішінде қажетті құжаттарды тапсырып үлгерулері тиіс. Мектеп және колледж түлектері ҰБТ/КТА бойынша “география” мен “математика” пәндері таңдаулары және кем дегенде 80 ұпай жинаулары шарт. ҰБТ мен КТА талаптары жыл сайын өзгеруі мүмкін екенін ескеру қажет, сондықтан бұл жайында ақпаратты серіктес университеттерден алдын-ала біліп алған жөн. Бағдарлама жайында толық ақпаратты төмендегі құжаттан табуға болады.
Қор қызметкерлерінің және Қамқоршылық Кеңесі мүшелерінің жақын туыстары байқауға қатыса алмайды. Білім гранттарының саны және олардың көлемі жыл сайынғы негізде Қор басшылығымен анықталады. Білім гранты транштармен бір оқу жылы немесе бір семестр үшін төленеді және егер де студент, яғни грант иесі, оқуда және қоғамдық өмірде үздік көрсеткіштерге жетсе, грант мерзімі ұзартылады. Білім гранты ЖОО-да оқу кезеңі үшін ғана төленеді. Студент алмасу бағдарламалары аясында басқа оқу орнында оқыған кезден басқа жағдайда: академиялық демалысқа шықса, ЖОО-нан шығып кетсе, өзге ЖОО-на алмасуы кезінде кетуі/ауысуы кезінде білім гранты бойынша төлемдер доғарылады.
Қор ЖОО-нан Қордың білім гранты қаржысына оқып жатқан студенттерге қатысты барлық өзгерістер жайында қосымша мәліметтерді сұратуы мүмкін. Қор ұсынылған ақпаратты
тексеруге және ақпараттың шындыққа сәйкес келмеген жағдайда, кез келген үміткерді бағдарламадан шығарып тастауға құқылы. Қор білім гранттарын тағайындаған кезде қабылданған шешімдерге дәлел келтірмеуге және үміткерлерді таңдау себептерін түсіндірмеуге құқылы. Қор ЖОО-на түсуге қатысты мәселелер бойынша кеңестер мен ақпараттар бермейді. Бұл сұрақтар бойынша ЖОО-дың қабылдау комиссияларынан ақпарат алуға болады.
Грант иелері қабылдаушы университеттің академиялық стандарттарын сақтауы тиіс және бағдарлама бойынша толық оқу курсын өтуге міндетті. Академиялық және кәсіби стандарттарға сәйкессіздік гранттық көмектің доғарылуына себеп болуы мүмкін. Қордың стипендиатты қоғамдық өмірге белсенділік көрсетіп, өзінің әлеуметтік жауапкершілігін көрсетулері қажет.