«Эндаумент қоры және университет менеджменті» тақырыбында вебинар өтті
2023 жылдың 14 сәуірінде «Эндаумент қоры және университет менеджменті» тақырыбында вебинар өтті. Бұл – Академиялық Адалдық Лигасының «Powerfull platform for sharing experience» жаңа білім беру жобасы аясындағы алғашқы вебинары.
«Powerfull platform for sharing experience» жобасының мақсаты – Лига мүшелерінің тәжірибе мен білім алмасуы үшін ортақ платформа құру.
«Эндаументтің ұлттық қауымдастығының» Басқарма төрағасы, EUSP ректорының қаржы-экономикалық мәселелер жөніндегі кеңесшісі Светлана Лаврова эндаументтің бірегейлігі неде және білім беру мекемелері бұл құралды қалай пайдалану керегін айтып берді.
Эндаумент қорлары – Америкадағы көптеген университет үшін қаржыландырудың маңызды құрамдас бөлігі. Университеттің бес ірі қоры Гарвард университетіне, Техас университетінің жүйесіне, Йельге, Стэнфорд және Принстон университетіне тиесілі. Гарвард университетінің Эндаумент қоры 53 миллиард доллардан асады. Осылайша ол әлемдегі ең ірі эндаумент қорына айналды.
Бұл қорды университеттің ұзақ мерзімді тұрақтылығы мен өсуін қолдағысы келетін донорлар құрады. Оларды кәсіби инвестициялық менеджерлер басқарады. Олар қаражатты уақыт өте келе табыс табатындай етіп инвестициялауға жауапты. Содан кейін қордан алынған табыс университет ішіндегі әртүрлі бағдарлама мен бастаманы қолдау үшін пайдаланылады. Бұл тұрақты қаржыландыру көзі университеттерге болашақты жоспарлауға және ұзақ мерзімді мақсаттарға жетуге көмектеседі. Қордағы қаражат студенттік стипендия, факультет зерттеулері, кампус инфрақұрылымы үшін пайдаланылуы мүмкін.
«Эндаумент – бұл тәуелсіздік, ғасырлар бойғы тұрақтылық. Ол мөлдір, берік және нақты ойын ережелеріне ие. Бірақ стратегия, жүйелік фандрайзинг және ресурстарды қажет еді. Сол үшін эндаументті қалыптастыру және басқару бойынша университеттер менеджментінің жүйелі жұмысын тұрақты түрде жүргізу қажет», - деді Светлана Лаврова.
«Эндаумент АТУ» корпоративтік қорының директоры Матибаева Айнұр тәжірибелерән ортаға салды. 2017 жылдың ақпан айында түлектердің бастамасымен аталған қор ашылғанын айтып берді. Қор стартап жобаларын қолдайды, жыл сайын үздік студентін марапаттайды, сонымен қатар Нұрлан Қаппаров атындағы грантты тағайындайды.
Вебинарға 23 университеттің өкілдері қатысты: Абай атындағы ҚазҰПУ, «Тұран» университеті, С.Д. Асфендиярови атындағы ҚазҰМУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы технологиялық университеті, Логистика және көлік академиясы, М.С. Нәрікбаев атындағы ҚАЗГЮУ, Астана медицина университеті, Karaganda Buketov University, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, Азаматтық авиация академиясы, Ғ.Дәукеев атындағы АЭжБУ, Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты, ХАТУ, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті, Қ.Жұбанов атындағы АӨУ, KBTU, Ж.Тәшенев атындағы университет, SDU, Satbayev University, «Тұран-Астана» университеті.
Нәтижесінде вебинарға 70-ке жуық қатысушы қатысты. Бір айта кетерлігі, қызу пікірталас болды, әріптестер өз тәжірибелерін бөлісті және мазалаған сұрақтарына жауап алды. Шара соңында эндаумент тақырыбын талқылауды жалғастыру және өзекті мәселелерді талқылайтын алаңды кеңейту туралы ұсыныс түсті.
Лиганың жалпы жиналысының төрағасы, AlmaU ректоры Гүлнар Күренкеева «Эндаумент қоры – университеттің ұзақ мерзімді тұрақтылығының кепілі. Қазақстандық университеттер әлемдік тәжірибені ұтымды пайдалануы керек»,-деп қорытындылады.
Академиялық Адалдық Лигасының білім беру алаңында барлық әріптесімізді күтеміз!