Экономика және қаржы мектебінің "Есеп және Аудит" білім берубағдарламасы CIMA (Chartered Institute of Management Accountants) аккредитеуін және АССА (the Association of Chartered Certified Accountants) ре-аккредиттеуін алды
Экономика және Қаржы Мектебінің "Есеп және Аудит" білім беру бағдарламасы ACCA (the Association of Chartered Certified Accountants), Қаржы, Есеп және Аудит саласындағы кәсіпқойларды біріктіретін Британдық сертификатталған бухгалтерлер қауымдастығымен қайта аккредиттелді. ACCA - әлемдегі ең білікті және сұранысқа ие бухгалтерлердің қатарына кіретін 200 000-нан астам жоғары білікті қызметкерлері мен 500 000 студенттері бар қаржы, есеп және аудит саласындағы мамандардың ғаламдық қауымдастығы. Экономика және бизнес бакалавры дәрежесі берілетін "Есеп және Аудит" бағдарламасын аккредиттеу 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін жарамды. Бұған дейін бағдарлама 2016 жылдан 2021 жылға дейінгі кезеңге аккредиттелді.
"Есеп және Аудит" Экономика және қаржы мектебінің білім беру бағдарламасы 1919 жылы Ұлыбританияда құрылған басқарушылық есеп жөніндегі мамандардың халықаралық қауымдастығының CIMA (Chartered Institute of Management Accountants) аккредитациясын алды. Қауымдастықтың әлемнің 172 елінде 642 000-нан астам студенттері мен мүшелері бар. Экономика және бизнес бакалавры дәрежесі берілетін "Есеп және аудит" бағдарламасын аккредиттеу 2022 жылғы 10 ақпаннан 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін жарамды.