Экономика бойынша оқушылардың Қалалық Турнирі (олимпиада)
24-25 ақпанда Aлматы Менеджмент Университетінде (бұрынғы - ХБА) экономика бойынша 10 және 11 сынып оқушыларының Қалалық турнирі өтті. Турнирге 10 мектеп, лицей, гимназиялардан, Алматы қаласының дарынды балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдарынан 70 оқушы қатысты.
Қалалық Турнир аясында теориялық және практикалық турлар өткізілді. Оқушылардың экономика бойынша Қалалық Турнир тапсырмалары «білім-қолдану-талдау-синтез-баға» өнімді кезеңдегі бағдарлама материалдарын меңгерулерін тексеруге; креативтілікті, қалыптан тыс ойлау; экономикалық тапсырмаларды шеше алуын; экономикалық теория терминдерін еркін қолдануды дамытуға бағытталған.
Қалалық Турнирдің экономика бойынша практикалық туры компьютерлік модельдеу (МЭМ – JA TITAN) негізінде өткізілді. Практикалық турға қатысуға теориялық тур қорытындысы бойынша ең жоғары ұпай алған әр сыныптан 8 оқушы жіберілді. “МЭМ – JA TITAN” экономикалық қашықтықтан ойынына көптеген тапсырмалар мен шарттар кіреді, олар байқауға қатысушылардың бәріне бірдей, қатысушылар виртуалды өндірістік кәсіпорындардың менеджерлері рөлін атқарды және жоғары көрсеткіштер үшін күресті. Сайыс барысында іскери ойынға қатысушылар бизнесті дамыту бойынша тиімді шешімдер қабылдау дағдысын көрсетіп, кәсіпорынның маркетингтік саясатын қалыптастыруға тырысты, нарықты зерттеп, компанияның қаржылық ресурстарын және ғылыми –зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Оқушылардың экономика бойынша Қалалық Турнирінің жеңімпаздары мен дипломанттары болып ең жоғары ұпай жинағандар саналды. Турнирдің жеңімпаздары мен дипломанттары Алматы қаласы білім Басқармасының I, II және III дәрежелі дипломдарымен марапатталды, сонымен қатар оларға Almaty Management University атынан бағалы сыйлықтар берілді.
І және ІІ дәрежелі диплом иегерлері (10-11 сынып) 2016 жылдың 27-30 наурызында Алматы қаласында Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу - техникалық университетінің (бұрынғы Қазақ-Британ техникалық университеті) базасында экономика бойынша оқушылардың Республикалық Турниріне қатысады. Республикалық Турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері AlmaU-да оқуға жеңілдіктер алады.
Экономикалық турнирдің қорытындысы бойынша Алматы қаласы білім Басқармасы төмендегідей қатысушыларға I, II және III дәрежелі дипломдар тапсырды:
I дәрежелі диплом:
- Рамазан Ажар, №159 гимназия, 10 сынып
- Смолякова Екатерина, кәсіпкерлер мектебі, 10 сынып
- Хамзахан Таншолпан, №148 гимназия, 11 сынып
II дәрежелі диплом:
- Жайық Сайера, гимназия №159, 10 класс
- Сыдықова Жәмила, гимназия №159, 10 класс
- Анисичкина Екатерина, лицей №134, 11 класс
- Чащин Данил, лицей №134, 11 класс
Дипломы III степени:
- Жақсыгелді Мәди, №159 гимназия, 10 сынып
- Жәйіл Абылай, №159 гимназия, 10 сынып
- Сарсенбаев Рустам, кәсіпкерлер мектебі, 10 сынып
- Садыков Назим, №134 лицей, 11 сынып
- Байтасова Акмира, №134 лицей, 11 сынып
- Сайжанова Алина, №134, лицей, 11 сынып
Құрмет грамотасымен марапатталғандар:
- Ивличева Александра, №5 гимназия, 10 сынып
- Шигабутдинова Полина, №134 лицей, 11 сынып
- Кенжеханова Алия, №134 лицей, 11 сынып