Дұрыс таңда! AlmaU-ға түс!

Жаңалықтар

Маусым 23, 2016

Дұрыс таңда! AlmaU-ға түс!

20 маусымда  Aлматы Менеджмент Университетінде қабылдау комиссиясы жұмысын бастады. Қонақтар кіре берістен мамандықтар туралы ақпарат беретін танымдық стендтерді көре алады, жоо-ның зияткерлік өмірінен хабар беретін  үлкен едендік шахматты кездестіреді, еліміздің ең үздік жоғарғы оқу орнына қалай түсуге болатыны жайында  егжей-тегжейлі ақпарат беретін жайдары кеңесшілермен сөйлесе алады – айта кету керек, AlmaU-дағы оқу жағдайы  өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай өзгерді!

 

 

Оқуда үздік болғандар оқуға да бірінші түседі!

Қабылдау комиссиясы жұмысының басталуына 30 минут қалғанда  3 талапкер құжаттарын тапсыруға келді, оның 2-еуі – "Алтын белгі",   үшеуі де сырт  аймақтан келген: екеуі – Тараздан, біреуі- Шымкенттен. Түлектердің осындай белсенділігі AlmaU ректоры Алмагүл Қанағатова тарапынан ескерусіз қалған жоқ, ол кісі балаларға  ізгі тілектерін айтып,  фирмалық сыйлықтар табыстады!

Екі күннің ішінде  университетке  5 "алтын белгі иесі" құжаттарын тапсырған,   беделді  халықаралық және республикалық олимпиадалардың жүлдегерлері -  3-еу. Олардың бәріне  оқуда жоғары көрсеткіштерге ие болатын болса, барлық кезеңге 100%-дық білім гранты беріледі.

AlmaU-дың ерекше мамандықтары мен құзіреті

Маркетингтік коммуникация және клиенттермен жұмыс басқармасының директоры Карина Сычева «құжаттарды қабылдау тек  бакалавриатқа ғана емес, екінші жоғары білім- қашықтықтан оқу бағдарламасына да жүргізіліп жатыр,- дейді. Бағдарлама тиімді болып табылады, оқыту өндірістен қол үзбей жүргізіледі, бұл  жұмыс істеп жүрген, белгілі бір сала бойынша кәсіпқой,  бірақ қосымша  өзінің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, жаңа білім алғысы келетіндер үшін қолайлы.

Сондай-ақ, ол  биылғы жылы  магистратураға деген қызығушылықтың артқанын әрі осы мәселе бойынша көп адамның  кеңес алғысы келетітін, бірақ ресми түрде магистратураға қабылдау комиссиясы 10 шілдеде жұмысын бастайтынын атап өтті.

Биыл  AlmaU инженерлік менеджмент Мектебі аясында  екі жаңа мамандық ашылды: "Software Engineering - Бағдарламалық Инженерия" және "Business Analytics and BigData - Бизнес аналитика және жаһандық деректер" - олар бакалавриат және магистратура үшін  эксперименттік білім беру бағдарламасы бойынша 2016 жылдың күзінде жүзеге асырылмақшы. Айта кету керек, Қазақстанда әлі күнге дейін үлкен деректер көлемін (BigData) мамандар даярлау  барысында қолданбаған және AlmaU инженерлік менеджмент Мектебі бұл тұрғыда тұңғыш жол салушы болып табылады.

Оқыту ағылшын тілінде жүргізіледі. AlmaU –да оқыту бағдарламасы бакалавриатта   студенттің  2 жыл  оқуын жобалайды, кейінгі 2 жылда   n+i  француз консорциумы құрамына кіретін жоо-да оқу жоспарланады. Ал магистратурада  осы  мамандықтар  бойыншаа AlmaU-да 1 жыл, 1 жыл – Францияда (қос дипломдық бағдарлама бойынша түлектің екі диплом алуы көзделеді – AlmaU және жоо-серіктестің).

Сонымен қатар, AlmaU-да  тағы да 14 оқыту бағдарламаласы жұмыс істейді, бұл туралы  толығырақ қабылдау комиссиясына келгенде тікелей ақпарат алуға болады. Дәстүр бойынша, талапкерлерді қатты қызықтыратын мамандықтар: "Экономика", "Қаржы", "Менеджмент" – биыл талапкерлер бағдарламалар туралы біліп қана қоймай, өзін қызықтыратын мамандық бойынша терең кәсіби кеңес алады, мәселен,  оған кіретін пәндер туралы,  құзыреті туралы біле алады және т. б. Оған бұл жағынан сарапшы- консультанттар  көмектеседі, олар кешегі оқушыларға немесе әлі де мамандық таңдауда қиналып жүргендерге, шын мәнінде, өте қажет.

"Биылғы жылдың басты ерекшелігі - бұл  өзіндік "апгрейд", біздің студенттердің  құзіреттілігі  моделін  қайта жүктеу арқылы AlmaU - да  оқыту сапасы мен түлектердің бәсекеге қабілеттілігін арттырамыз, - дейді Карина Сычева. - Енді бізде бірегей оқу бағдарламалары, жаңа оқу жылынан бастап AlmaU-да  бүкіл оқыту үрдісі бес базалық блоктарға негізделеді". Бұл туралы толығырақ мына   сілтеме  бойынша оқуға болады

Білімге  кредит алу –  дұрыс!

Міне-ки, бірнеше жылдан бері AlmaU-да  студенттерді қаржылық қолдауға байланысты теңдесі жоқ бағдарлама қолданылады – биыл ол күшейтілді!

Атап айтқанда, ЖОО Қазақстанның 10 қаласында сәуір-мамыр айларында өткен «Мегашанс» олимпиадасының жеңімпаздарына  300 грант және жеңілдіктер  ұсынады Биыл олимпиада  осымен 12-ші жыл қатарынан өтіп жатыр  және бүкіл  елімізден  AlmaU-ға  байқау жеңімпаздары келіп жатыр. Олардың кейбіреулері қазірдің өзінде құжаттар оқуға түсуге тапсырды.

Сонымен қатар, AlmaU "Алтын белгі" иегерлеріне  10 грант ұсынады  (бірінші түскен онына), халықаралық және республикалық олимпиадалардың барлық жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне гранттар мен жеңілдіктер ұсынады. Биылғы жылы алғаш рет талапкерлерге гранттарды  экономика Мектебінің және сервис және құқық Мектебінің декандары ұсынады. Көлемі 100- ден 230 мың теңгеге  дейінгі грантты (оқытудың барлық кезеңінде, бірақ үлгерім ережелері сақталған жағдайда)  "Бағалау", "Экономика", "Юриспруденция" және "Қоғаммен Байланыс" мамандықтарына алғашқы болып түскендерге тапсырылады . 25%  көлеміндегі жеңілдік кез келген колледжді қызыл дипломға бітіргендерге беріледі.

AlmaU-да  әлеуметтік гранттар мен жеңілдіктер бар:  көп балалы отбасыланан, жағдайы төмен отбасынан балаларға, мүгедектер мен  жетім балаларға (10% - дан 100% - ға дейін).

Сонымен қатар, ЖОО дербес гранттарын ұсынатын қорлармен, компаниялармен ытымақтастықта, мәселен,  KAZENERGY Қауымдастығы, Қоғамдық Ержан Тәтішев Қоры, Конрад аденауэр атындағы Қор,  Ritz-Carlton  қонақүйі сияқты.  Грантқа оқығысы келетіндер, тікелей сол ұйымға өтініш бере алады, байқауға қатыса алады, сөйтіп бізде грантқа оқиды, мысалы, KAZENERGY.

Жалпы, AlmaU студенттерін қаржылай қолдау шарттары сан алуан, толығырақ мына сілтеме  бойынша білуге болады.

Сонымен қатар, өткен жылдағыдай  AlmaU  "Қаржы орталығы" АҚ ынтымақтастықта, олар  өте тиімді білім беру кредиттерін ұсынады: негізгі борышты төлеу оқуды аяқтағаннан кейін екі жылдан соң жүргізіледі. Яғни студент білім алады, екі жыл ішінде аяғынан тұрады, жақсы жұмыс табады, содан кейін ғана біртіндеп кредитін төлей бастайды. Талапкерлер толық ақпарат алулары үшін,  қабылдау комиссиясында Халық банкі кеңесшісі отырып, талапкерлерге неғұрлым толық ақпарат беруге тырысады.

Өзге қаладан келгендерге  – орналасуға көмектесеміз!

Биылғы жылы AlmaU –дың  қабылдау комиссиясында тағы бір жаңалық  – сырт аймақтардан және шетелден келген студенттерге орналасуға көмектесетін кеңесші жұмыс істейді.  "Сырттан келгендерге орналасудың бірнеше нұсқасы ұсынылады: біріншісі, неғұрлым үнемді нұсқа - жатақхана ( 1-3 орындық нөмірлерде тұру,  құны 18-ден 45 мың теңгеге дейін, оған  тамақтану, университеттен жатақханаға дейін көлікпен жеткізу  және "алмабасикпен" кері жеткізу кіреді. Екінші нұсқа – «Қазақстан» қонақүйі , біз олармен  келісімге отырғанбыз (оларда жалға  2 орындық нөмірлер бар, бағасы 45 000 теңге) Сонымен қатар  «көрші» іздестірумен айналысамыз, яғни студенттер пәтерді өздері іздейді, ал біз аймақтардан келген студенттерді қабылдау комиссиясында  таныстырып, жинаймыз, бірге пәтер  іздеулеріне көмектесеміз, - дейді Карина Сычева.

Жұлдыздар  AlmaU-ды таңдайды

Университетіміздің қабылдау комиссиясына алғашқылардың бірі болып қызы Арумен келген Құралай Нұрқаділова болды. Ару биыл мектепті бітіріп,  AlmaU-ға түсуді жоспарлауда, қазір ол  «Экономика» мен «Қаржы» мамандығының бірін таңдамақшы.

 

Жалпы алғанда, қабылдау комиссиясында талапкерлердің мамандық таңдауға жауапкершілікпен қарай бастағандарын атап өтті (әрі бағдарламалар бойынша арнайы консультант сарапшылар енгізілді). Оқушылар бағдарламалар, олардың құзіреті туралы  тәптіштеп сұрап, нақты қандай пәндер оқитындарын, не үйренетіндерін білгілері келеді. 

"Бұл экономикадағы дағдарыстық құбылыстармен байланысты, олар, шамасы, нарықта жұмысқа орналасуда  бәсеке үлкен екенін көрсетеді, - дейді Карина Сычева, – демек, балалар, қазірден  қандай мамандықты  таңдау керек екенін ойлана бастайды,  ал ата-аналар  ақшаны неге  жұмсайтынын ойлайды".

 

Сіздің үш мүмкіндігіңіз болады!

Айта кету керек, тағы бір мәселе бар, ол  – биылғы жылы жалпы қазақстан бойынша ҰБТ  тапсырудың  талаптары өзгерді – тестілеуден өтпеген  талапкерлердің қайтадан тапсыруға мүмкіндіктері болады. Осыған байланысты көптеген сұрақтар түсіп жатыр, AlmaU қабылдау комиссиясында оларға былай түсіндіреді: "Егер балалар  ҰБТ немесе КТ тапсыра алмай қалса,  онда тамыз айында олар оны қайта тапсыра алады,  сәтті тапсырған жағдайда  AlmaU –ға жалпыға бірдей  негізде біздің студенттер сияқты 1 курсқа қабылданады.  Егер тапсыра алмаса, біз оларды шартты түрде қабылданады, олар басқа студенттермен бірге ортақ бағдарламаны оқи береді. Қосымша олар қаңтарда кешенді тестілеуге дайындалады. Келесі жылдың қаңтарында олар КТ –ні үшінші рет тапсырады, егер сәтті тапсырса, олар жоғарғы оқу орнына жалпы негізде қабылданып, оқуларын жалғастыра береді»

Колледж студенттері үшін жақсы жаңалық та бар. Биылғы жылы, егер балалар колледждегі бірінші мамандығы бойынша университетте оқуын жалғастырып, дәл сол мамандығына түсетін болса,  екі мамандық бойынша эсперименттік бағдарламадан өту ұсынылады,  нәтижесінде небәрі 2 жылда  бакалавр дәрежесін алады. Қашықтықтан оқыту  форматы бойынша 3 жылға созылады; 3) қалған барлық бағдарламалар үшін – 4 жыл.

Биыл AlmaU-да  әскери кафедра жұмыс істей бастайды, әзірге тек  "Юриспруденция" мамандығының студенттері үшін! Басқа мамандықтардың студенттері бос орын болып жатса, байқау негізінде алынады.

AlmaU қабылдау комиссиясының жұмыс кестесін естеріңізге сала кеткіміз келеді:

дүйсенбіден жұмаға дейін – 9: 00-ден 19:00 -ге дейін,

сенбі- 9: 00-ден 15: 00-ге дейін

Бөліс: