Digital дәуірінің әсерінен қайта жанданған коммуникация
9 желтоқсанда AlmaU университетінде II Халықаралық конференция өтті. Жиында медиа нарықтағы трендтер талқыланды. Сарапшылар бірауыздан өнер мен коммуникация жаңа цифрлық шынайылыққа бейімделуі керек деген қорытындыға келді. Заман ағымына ілесу үшін технологиялық жетістіктерді барлық жерде қолдануға және білім беруде белсенді түрде енгізуді ұсынды.
PR-шы клубының президенті Шынар Жәнібекова қазір нарықта NFT, QR, GPS, VR/AR секілді цифрлық технологиялардың көмегімен ғана ерекшеленуге болатынын атап өтті. Ал Turan Film Academy жоғары мектебінің директоры студенттердің 3D графикамен жұмыс істеу тәжірибесіне тоқталды. Бұл болашақ мамандарға мәдениет саласындағы соңғы талаптарға сай болып, нарықтағы сұранысын арттыруға мүмкіндік береді. Наваль Равикант бұл ойды растады және заман ағымына сай мамандар қызық материал жасау үшін бір-бірімен ғана емес, оқырмандармен де бәсекелесуі керек екенін айтты. Жаңартылған мазмұнның бірегейлігі мен оны тарату тәсілі туралы мәселені шешу бес жыл бұрынғыдан да қиындай түсуде.
Жаңа трендтермен қатар сарапшылар болашақта пайда болатын жаңа мамандықтар туралы сөз қозғады. Жақында AlmaU Медиа және кино мектебінде продюсерлік, киносыншы және сценарий жазу сияқты жаңа оқу бағыттары ашылатыны белгілі болды. Бұл қазіргі таңдағы сұранысқа ие мамандықтардың орнын баса алады. Ефрат Шәріпов: «Әрбір түлегіміз бастамашы болса, нарық кадрлық және жанрлық әралуандылыққа толы болады».
Бұл ретте коммуникация саласының эксперттері бір мәмілеге келді: маманға қойылатын талаптар жоғары оқу орнының түлегіне емес, жеке тұлғаға қойылуы тиіс. 2any1 халықаралық байланыс агенттігінің негізін қалаушы Диана Лалетина: «Адамды пресс-релиз жазуға үйретуге болады, бірақ жауапкершілік, адалдық, еңбекқорлық секілді оның адами қасиеттерін өзгерте алмайсың», - деді. Бұл бір адамның бірнеше жобаны басқара отырып, өзінің құндылықтарын жоғалтып алмауына үлкен септігін тигізеді.
AlmaU университеті бұл конференцияны екінші жыл қатарынан өткізіп келеді. Іс-шара дамудың жаңа бағыттарын талқылау үшін сарапшылар мен студенттерді біріктіруге мүмкіндік береді. Режиссердің де, журналистің де, PR маманының да жұмысындағы басты ұстанымдар – эмпатия, қарым-қатынас және оны цифрлық технологиялардың көмегімен тарата білу.