Денис Колпаков: «Қазақстан Республикасындағы Түркия туралы жасалғанның бәрі – біздікі!»

Жаңалықтар

Сәуір 11, 2016

Денис Колпаков: «Қазақстан Республикасындағы Түркия туралы жасалғанның бәрі – біздікі!»

6 сәуірде Алматы Менеджмент Университетінде «Паблик рилейшнз теориясы мен  практикасы» пәнінің аясында  «RPG Казахстан» PR-агенттігінің директоры  Денис Колпаковпен бинарлық дәріс өтті.

«RPG Казахстан» агенттігі үш жылдан бері пиаршы –студенттердің тәжірибеден өтуін ұйымдастыруға  көмектесіп жүрген  AlmaU-дың серіктесі. Агенттік әлденеше рет PR –мамандығы студенттеріне кәсіби бағыттағы пәндерді енгізу бойынша сараптамашы әрі баға беруші ретінде қол ұшын берген. Бірақ компания басшылығы тәжірибелерімен алмасуға бірінші рет келіп отыр.

« PR-кампаниясын жүргізу барысындағы әрекеттің  негізгі кезеңдері» атты дәріс кезінде Денис тәжірибелік  кейстерімен бөлісті, бұл кейстер  агенттіктің стратегиялық клиенттерінің бірі  ҚР Түркия консулдығы үлгісінде жасалған болатын.

Көрмелер, презентациялар, демеушілік, баспасөз және инфо-турлар  үлгісінде ол студенттерге компанияның PR-белсенділігі арқасында қандай нәтижеге жетуі мүмкін екенін, дағдарыс кезінде бюджетті қалай үнемдеу керек екенін айтып берді. 

 

Бөліс: