Данияр Батырбаевтан «табысты келіссөздердің 3 киті»
27 қазанда AlmaU-да «Аймақтану» мамандығының 4 курс студенттері EMA музыкалық сыйлығының бас продюсері , бұрынырақ 31 телеарнадағы «Информбюро» бағдарламасының атқарушы продюсері, ТК Kazakh.tv продюсері, журналист, тележүргізуші Данияр Батырбаевпен кездесті.
Кездесудің тақырыбы «Табысты келіссөздер ережесі» деп белгіленді. Даниярдың айтуы бойынша , оның өмірі – бұл түрлі аудиториямен сан алуан тақырыпқа арналған кездесулер тізбегі.
Данияр көп жылғы тәжірибесіне сүйене отырып, келіссөздер жемісті өтуі үшін басты үш ережені қалыптастырғанын айтты, соны студенттермен бөлісті. Олар:
1. Кім келіссөзді бастайды, сол оны басқарады;
2. Әркез келіссөзге күліп кірген адам жеңеді;
3. Келіссөздің сәттілігі әңгімелесушілермен «көзін көзіне қадап» сөйлесуге байланысты.
Сонымен қатар, Данияр дауыс ырғағына да мән берді. Студенттер әртістік дағдыларын байқап көрді, «оянған кездегі дауыс» техникасымен танысты. Бірақ, ең бастысы, қонағымыз атап кеткендей, қандай жағдай болмаса да, сабырлық сақтау және келіссөз нәтижесі қандай болған жағдайда да сабырлық керек екені.