Charity Awards: үздік әлеуметтік жобалардың авторлары марапатталды!

Жаңалықтар

Желтоқсан 18, 2015

Charity Awards: үздік әлеуметтік жобалардың авторлары марапатталды!

2015 жылдың 15 желтоқсанында  Kinoplexx Sary Arka орталығында Алматы Менеджмент Университетінде осы жылдың қыркүйегінде қолға алынған Service Learning* жобасының қорытындысы бойынша   «Charity Awards» атты студенттік қайырымдылық сыйлығын  тапсыру  салтанаты өтті!

Service Learning атты жаңа пән барлық мамандықтар бойынша 1 курс студенттерін оқыту бағдарламасына  енгізілді. Осы пән аясында студенттер қарттар мен  мүгедектер үйінде және басқа да әлеуметтік ұйымдарда  жұмыс істеу  арқылы қоғамға қызмет етуге, алған білімдерін практика жүзінде қолдануға үйренеді. Аталмыш курсты енгізудің мақсаты - қоғам алдында өз азаматтық жауапкершіліктерін терең түсінетін,   бизнес саласына білікті мамандар дайындауға бағытталған жобаны іске асыру,  бұл  - университетіміздің  саясатына сай келетін жоба.

Студенттер әлеуметтік ұйымдардың жұмыстарына ғана көмек беріп қоймайды,  олар өздері басқа да әлеуметтік жобалар ойлап тауып, жүзеге асыруларына болады, ал, шынайы өмірде бұл жобалар волонтерлік ұйымдардың жұмыстарын жандандырара түседі. Бағдарлама қорытындысының   таңқаларлық болғаны соншалық, 1-семестр нәтижесі бойынша қоғамға пайда келтіру жолында ерекше көзге түскен студенттерді марапаттау қажет деп шешілді.  

«Charity Awards» атты студенттік қайырымдылық сыйлығы аясында 5 номинация белгіленді

«Пікір бар» номинациясы бойынша  (қоғамдық өмірдегі түрлі мәселелерді зерделейтін,  қоғамдық пікір тудыратын жобалар марапатталады) үздік болып танылғандар «Қоғаммен байланыс» және «Аймақтану» мамандықтарының студенттері: Аружан Ақынова, Айдана Нуралина, Шырай Қабылбек, Камила Қылышбаева, Айдана Төлебаева, Сәбира Тайжанова және  Дина Нұркамашева. Студенттерге сертификаттарды «Аман-саулык» қорының президенті Бахыт Туменова тапсырды.

Қонағымыздың айтуынша, студенттер осы қорға жобаларын жүзеге асыру барысында көп көмек көрсетті: «Біздің қоғамдық қорымыз пациенттер құқығын қорғаумен айналысады, бұл, көбіне, денсаулықтарына байналысты мүгедек деп танылған қарт адамдар. Бізге сол қарттардың қазіргі экономикалық дағдарысқа байланысты қажеттіліктері мен мәселелері қаншалықты өзгерді, олар сол бұрынғы өздеріне керек дәрілерін сатып ала ала ма деген сұрақтарды анықтау керек болды. Бізге қарттардың арасында сауалнама жүргізіп, пікірлерін біліп, олардың басты мәселелерін, әрі қарай жұмысты қалай жүргізу керек екені туралы баспасөзге, денсаулық сақтау министрлігіне   баяндама дайындау қажет болды. Біз өзіміз осы істі жүзеге асыра алмас едік, себебі ұжымымыз шағын. Дегенмен, сіздердің арқаңызда аз уақыттың ішінде 700 қарт адамнан мәліметтер  алынып, сол жинақталған мәліметтерді сұрыптап жатырмыз, жақын арада барлық материалды министрлікке ұсынамыз, бұл үшін сіздерге алғысымыз зор!», - дейді  Б. Туменова.

«Аман-саулык» ҚҚ басшысы  AlmaU Қазақстанда бірінші болып «Қоғамға қызмет ету» пәнін енгізіп отырғанын атап өтті. «Мен үшін бірлесіп жұмыс істеуге біздің ұйымды таңдап алуларыңыз  зор абырой. Мен осы тәжірибенің студенттерге (келешек бизнесмендерге, мемлекеттік қайраткерлерге) зор ықпал ететініне сенімдімін, себебі ұйымдар мен биліктің, бизнестің  серіктестігі арқасында әлеуметтік және адами келбетпен мықты құқықтық мемлекет құруға болады», - деп, Бахыт өз ойын қорытындылады.

 «Қозғалыс – өмір» номинациясына физикалық және менталды дамуларында ауытқулары бар адамдар арасында физикалық мәдениет пен спортты дамытуға арналған жобалар ұсынылды. Ең үздік деп танылғаны «Мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі», «Логистика» мамандықтарының студенттері: Алтын Серғалиева, Тимур Мансуров, Айша Ығылан, Үміт Сарсенбекова, Сарсенәлі Ерланұлы, Шыңғыс Уәлихан аталды.

Стела мен  сертификатты студенттер «АРДИ» (мүгедек балалар ата-аналары Ассоциациясы) қоғамдық бірлестігі төрағасының  орынбасары  Эльвира Сапарова және Special Olympics Kazakhstan қоғамдық бірлестігі  Алматы  филиалының директоры  Галина Ильинаның қолынан алды. Осы ұйымдарда студенттер өз жобаларын іске асырды.

Эльвира Сапарова студенттердің ауру балаларға көп көмек көрсеткендерін атап айтты, біздің студенттер бір семестр бойы емдік дене шынықтыру бойынша оңалту залында  жұмыс істеген, мүгедек балалармен арнайы гимнастика жасап, олар үшін күзгі бал, концерт және басқа да қызықты шаралар ұйымдастырған.

Галина Ильина өз қамқорлықтарындағы адамдардың AlmaU  студенттері арқасында жылылық пен өздеріне деген мейірімді  сезініп, жан дүниелерін ашып, оларға сенетіндерін білдірді: «Бұл барлық уақытта кездесе бермейтін жай, себебі біздің балаларымыз ерекше, олар кез келген адамға ашыла бермейді. Біз сіздердің мейірімділіктеріңізді,шынайылықтарыңызды бағалаймыз,  келесі жылы да осы жобаның жалғасуын күтеміз», - деп, қонағымыз өз ықыласын білдірді.

«Өнерпаз» шығармашылық номинациясына  шығармашылық дағдыларды дамытуға, рухани дүниелерін байытуға,  мүмкіндігі шектеулі адамдарға көтеріңкі көңіл сыйлауға бағытталған жобалар ұсынылды. Жеңіске «Есеп және аудит» пен «Менеджмент» мамандығы  студенттері жетті, атап айтқанда: Сабина Хамит, Әйгерім Қайрат, Салтанат Анарбекқызы, Алуа Нұрхатова, Айым Мухаметжанова, Индира Досбаева, Алтын Қонысова, Айжан Ибайдулла, Назерке Жубалова, Имангүл Қонысбаева, Гүлзат Бегимбетова, Жансая Исабай, Камшат Тәжіқұлова, Ғалия Қайратқызы және  Ботагөз Серік.

Студенттер «Кеңес» мүгедектер бірлестігінде және №2 арнайы мектеп-интернатта мүгедек балалармен жұмыс істеді.

 «Жылы алақан» номинациясында мейірімділік пен жылуға зәру  адамдарға көмек берген жобалар қатысты.

Осы номинация бойынша жеңімпаздар  "Маркетинг" мамандығының студенттері: Дантил Ким, Ким Анжела, Самалбек Айдана, Маманова Бота, Шайкалиева Альбина, Қасымханов Алихан, Султан Армат, Сарыкуев Ұланбек, Бекимова Камилла, Қалыбекова Аида, Камраев Шамиль, Гаппаров Камиль, Меркель Владимир, Ибрай Адильжан болды.

Студенттерге марапатты  "Милосердные руки" қоғамдық қорының өкілдері  Рисалят Қасабекова және  Турниса Ахметова тапсырды.

 «Білім – жарық» номинациясына өз қамқорлығына алғандарды оқытып-үйретуге бағытталған жобалар қатысты,   біздің студенттер  балалар үйіндегі жеткіншектерге компьютерлік сауаттылықты, қазақ және ағылшын тілдерін үйретті, оларға математика, жалпы мектеп бағдарламасын меңгеруге көмектесті.

Бұл номинацияда жеңімпаз атанғандар  «Менеджмент» мамандығы студенттері Юлия Санникова және  Адина Ходжалакова, сонымен қатар  «Қаржы», «Менеджмент», «Есеп және аудит» мамандығы студенттері  Ұлпан Шонаева, Ақнара Мейраш, Фарида Аманкосова, Тоғжан Тұрарова, Азамат Қажымхан, Төреәлі Бексырға, Диас Ерланов, Дана Алибекова және  Гүлназира Тәжібаева болды.

 Aлматы Менеджмент Университетінің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Нұржамал Дуйсенғұлова өз сөзінде  Charity Awards салтанатын «мейірімділіктің, адал жүректің мерекесі»  деп атап кетті. Жоғары оқу орнының өкілі  AlmaU-да  Service learning пәнін енгізуді қалалық әкімдік пен бірнеше қоғамдық ұйымдар қолдағанын да айта кетті.

AlmaU базалық дайындық Факультетінің деканы Асылбек Нұрғабдешов те өз сөзінде көшбасшы әрі табысты болу үшін студенттер интеллектінің 4 түріне ие болулары керек, соның бірі  – эмоциялық, ал оны тек тәжірибе арқылы дамытуға болады дей келе: «Біз осы жобаны бастағандағы мақсатымыз – жас ұрпаққа мәңгілік, мызғымас құндылықтарды үйрету, ол дегеніміз – мұқтаждарға қол ұшын беру, үлкендерді құрметтеу, белсенді азаматтық позицияны ұстану.  10 жылдан кейін біздің студенттер компаниялар мен корпорацияларды басқарады. Мен  бүгінгі  біздің олардың бойларына сіңіріп жатқан құндылықтарымызды өмір бойына ұмытпай алып жүретіндеріне сенемін», -деп айтты.

Базалық дайындық Факультеті деканының қаржы және операциялық мәселелер бойынша  орынбасары  Лаура Масанова алғашқы кезде студенттер жағынан сұрақтар көп болғанын, түсінбеушілік болғанын еске алды.  «Шынын айтқанда, кейбір студенттердің бұл жобаға қатысқысы да келмеген, себебі олар бұның не екенін білмеген еді. Бірақ қазір семестр аяқталғаннан кейін сіздердің іштеріңізден семестрді құр босқа өткіздім деушілер кем де кем болар. Меніңше, сіздер өз бойларыңызда бұрын болмаған жаңа қасиеттерді байқаған шығарсыздар. Сіздер барыңды, жаныңды салып істеуге болатын жұмыс таптыңыздар, керемет тәжірибе жинадыңыздар. Мен осы жобаны сәтті аяқтағандарыңызбен құттықтаймын. Сіздер-біздің пионерлерімізсіздер, сіздер жоо тарихында мәңгілікке қаласыздар»,- деді.

Бөліс: