Бостандық аудандық сотында студенттерге арналған «Ашық есік күні» өтті
2023 жылдың12 қазанында Алматы қаласының Бостандық аудандық сотында AlmaU-дың Саясат және құқық мектебі мен Бостандық аудандық сотының судьясы Д. Жапакова «Құқықтану» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттеріне «Ашық есік күнін» өткізді.
Аталған іс-шара AlmaU мен «Алматы қаласы Соттар әкімшісі» арасында жасалған ынтымақтастық туралы меморандум аясында ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында студенттер іс жүргізумен, соттың мұрағаты мен кеңсесінің жұмысымен танысты.