​Бизнеске - махаббатпен!

Жаңалықтар

Қазан 13, 2015

​Бизнеске - махаббатпен!

13 қазанда Алматы Менеджмент Университетінде ( бұрынғы ХБА) Ғани Абаданның  «Өз орныңды  қалай таңдауға болады немесе  «Бизнеске махаббатпен»»  атты тақырыпта авторлық шеберлік мектебі  өтті. Бұл іс-шараны AlmaU  кәсіпкерлікті және инновацияны дамыту Орталығы  ұйымдастырды.

«Жаныңа жақын жұмысты таңда, сонда сен өміріңде  бір күн де жұмыс істемейсің!» -  бұл  Ғ.Абаданның  өмірлік  кредосы, ұраны. Қонақ тыңдаушыларға  өз бизнесіңді жоспарлау барысында   орныңды қалай  белгілеуге  болатынын, алғашқы капиталсыз өз ісіңді қалай ашуға болатынын, бизнестің қалыптасуы кезінде клиенттерді  қызықтыру мен ұстап қалу үшін не істеуге  болатыны  жайында сөз етті.  

«Бұл ақыл-кеңестер қандай да бір істің көзін тапқандар үшін, бірақ  осы уақытқа дейін сол ісі тек «хобби» түрінде  қалып келе жатқан , әлі де  «жалақымен»  күн көріп, «ағатайға»  жұмыс істеп келе жатқандар үшін. Бұл бастау үшін миллион қаржысы жоқтарға, бірақ бүкіл өмірінің мәніне  айналған  ісі барларға,  өз ісін жанымен жақсы көретіндерге арналады», - деп, Ғ.Абадан өз ойын түйіндеді.

Қонақ  енді бастап жатқан кәсіпкерлерге  қиындықтар  мен  жиі жіберілетін қателіктер  туралы да айта кетті.

*Ғани Абадан - Когалбаев Ғани Мықтыбекович.  «4Room» ЖШС директоры, бизнес-тренері, «Ecolite» ЖШС директоры, қожайыны, «Ментор» коуч тренинг орталығының бизнес-тренері, «Abadan Consulting» ЖШС қожайыны, бас  директоры, бизнес-тренері.

Бөліс: