Біздің құқығымыз- біздің байлығымыз

Жаңалықтар

Желтоқсан 10, 2015

Біздің құқығымыз- біздің байлығымыз

Жақында Алматы Менеджмент Университетінде (бұрынғы ХБА) Халықаралық Адам құқықтары күні құрметіне дөңгелек үстел өтті. Кездесуге келушілердің ішінде  халықаралық ұйымдардың және  ҮЕҰ өкілдері боkды, заң және ғылыми қауымдастықтар, білім беру мекемелерінің оқытушылары мен студенттері, сонымен қатар  ҚР  Ресей Федерациясы Бас консулдығы  Консулы  Ирина Переверзева қатысты.

Халықаралық Адам құқықтары күні жылда 10 желтоқсанда атап өтіледі. 1948 жылы дәл осы күні БҰҰ Бас ассамблеясы  әлемнің кез келген жеріндегі  әрбір адам кез келген уақытта қажетті құқықтардың бәріне ие, ол бірдей көзқарас пен  құндылықтарды ұстанатын  адамдарды біртұтас әлемдік қауымдастыққа біріктіретін  Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясын қабылдады.

AlmaU құқық Мектебі күшімен ұйымдастырылған дөңгелек үстел адам еркіндігінің негізгі қағидаттарын сақтауға арналған бейнебаянды көруден  басталды. Содан кейін AlmaU академиялық мәселелер жөніндегі проректор Нұржамал Дүйсенғұлова  Университет қонақтарына ризашылығын білдіріп, осындай іс-шаралардың біздің студенттерімізге берері көп екенін, студенттерге өз құқықтарын жақсырақ біліп,  өз әрі айналасындағылардың да құқықтарын қорғауға көмек беретінін  айтып кетті.

Қатысушылар арасында  пікір талас тудырған баяндама профессор, Мемлекеттік және жергілікті басқару институты ректорының кеңесшісі  Эркин Дүйсеновтің «Адам мен азаматтық құқық саласы бойынша Қазақстан Республикасы Конституциясы нормаларына түсініктеме берудің кейбір  мәлелері» атты баяндамасы болды. Құқық Мектебі доценті Нажия Калишеваның  «Права человека - один из факторов ограничения государственной власти в Республике Казахстан» атты баяндамасы, сонымен қатар құқықтық саясатты зерттеу Орталығының халықаралық сарапшысы  Назгүл Ергалиеваның - «Бизнес и права человека» атты баяндамалары да қатысушылар жағынан сұрақтар тудырып, біраз айтыс болды.

Дөңгелек үстелге қатысушылар адам еркі мен құқығы табиғатына байланысты  өзекті мәселелерге тоқталды, БҰҰ рөлін, мемлекет, азаматтық қоғам және адам құқығын қамтамасыз етудегі БАҚ рөлі туралы талқылады. 

Бөліс: