Бірінші күн #AlmaU_Balqash2020
"Табиғат жауапсыздық пен қателікті кешірмейді "
Ральф Уолдо Эмерсон
Uly Balqash shakyrady-2020 атты екінші рет өткізілген іс-шара қатысушыларының басты мақсаты мұздан өту арқылы Балқаш көлінің экологиясына назар аударту болды. Балқаш көлінің ластануына қоғамның назарын аударту үшін бұл шараға 100-ден астам қазақстандық атсалысты, олардың 90-ы әртүрлі қашықтыққа, яғни 12 км және 24 км жолды жүріп өтті. Бұл еліміздің көптеген тұрғындарының Экология тақырыбына бейжай қарамайтындығын білдіреді. Атап айтқанда, Балқаш көлінің экология мәселесіне еліміздің азаматтары алаңдаушылық білдіреді. Жібек жолы заманынан бастап Балқаш және Балқаш көлінің маңы тарихи, мәдени-этнографиялық және экономикалық аймақ ретінде маңызды рөл атқарады.
Алматы Менеджмент Университеті (Жоғары бизнес мектебі) биыл екінші жыл қатарынан осы іс-шараны ұйымдастырушы болып отыр. AlmaU- әлеуметтік-жауапты жоғары оқу орны ретінде, өзінің серіктестерімен және жауапкершілігі мол жандармен бірге көптеген әлеуметтік және экологиялық жобаларды іске асыруда. Атап айтсақ, Uly Balqash shakyrady – 2020 атты мұздан өту шарасына көптеген демеушілер мен серіктестерінің назарын аудартты. Олар: RG Brands, YAM-E-E-E-E-E-E және Ülker, Nomad Explorer, "Тұран Экспресс", ULKER, "World Class", "Азаматтық Альянс" ЗТБ, Алматы марафондары және Қазақ Географиялық Қоғамы, "Тұран ТВ" телеарнасы, "МИР 24" мемлекетаралық телерадиокомпаниясы, "Tengrinews" және "HOLAnews" онлайн-басылымы. Осыған байланысты AlmaU басшылығы мен ұжымы Uly Balqash shakyrady – 2020 бірегей іс-шарасын өткізуге және жариялауға қолдау көрсеткен барлық ұйымдарға алғыс білдіреді.
Не себепті экологиялық проблемалар туындайды? Барлық жағдай адамдардың іс-әрекетіне байланысты пайда болады. Біз табиғат ресурстарына таусылмайтындай қарамауымыз керек, өсіп келе жатқан ұрпаққа не қалдыратындығымыз жайлы ойлануға тиіспіз. Табиғат қателікті кешірмейді, және әрқайсымыз сол табиғаттың бір бөлігі ретінде оған қамқорлық жасап, өмір сүріп, жұмыс істейтін жерлерде экологиялық апаттарды болдырмау үшін тиісті іс-әрекеттер жасауымыз керек.
Сонымен, Балқаш көлі арқылы мұздан өту дайындығы қалай болғандығы жайлы бірер сөз айтар болсақ, 14 ақпанда қатысушылар тобы Алматы-2 темір жол вокзалынан шықты, оның құрамында еліміздің барлық өңірлерінен адамдар болды. Қатысушылар: Балқаш – 2, Қарағанды-1, Шымкент – 1, Тараз – 1, Қызылорда – 11, Нұр-сұлтан – 11, Жезқазған – 1, Тараз-1. Біз Uly Balqash shakyrady-2020 мұз өткеліне қолдау көрсеткен және қатысқан барлық азаматтарға ризашылығымызды білдіреміз. Біз болашақ ұрпақ үшін өлкенің табиғи байлығы мен сұлулығының сақталуына жауап береміз. Қатысушылардың тізімінде Алматы тұрғындары көп болды.
Балқашқа бара жатқанда жол бойында ұйымдастырушылар командалардың капитандарына, команда мүшелеріне қауіпсіздік және ТЖ ережелері және басқа да маңызды мәселелер жайлы айтып, түсіндірді. Командалар мен қатысушылар естелікке фотосуретке түсті және әңгімелесулер болды. Балқаш көліндегі мұз өткелінен бір күн бұрын ұмытылмастай тамаша нетворкинг жасалды. Сонымен, алда ең маңызды, есте қаларлық және жауапты-15 ақпан -мұздан өту күні еді. Бізді алда не күтіп тұрды және тағы басқа да қызықтар жайлы екінші күннің күнделігінен оқи аласыздар.
Алға! Бізбен бірге болыңыздар.
Қатысушылардың естеліктері жайлы #AlmaU_Balqash2020
және арнайы ресми web-sit-та: https://balqash.almau.edu.kz/