«Білім берудегі менеджмент»: орта білімді трансформациялау жолдары Шымкент қаласының мектептері бойынша жобаларды көпшілік алдында қорғау

Жаңалықтар

Желтоқсан 03, 2019

«Білім берудегі менеджмент»: орта білімді трансформациялау жолдары Шымкент қаласының мектептері бойынша жобаларды көпшілік алдында қорғау

2019 жылдың 30 қарашасында AlmaU білім беруді дамыту институтының "Білім берудегі менеджмент" тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы тыңдаушыларының жоба жұмыстарын көпшілік алдында қорғауы өтті. Іс-шара Шымкент қаласында, Назарбаев Зияткерлік Мектебінің химия-биологиялық бағыттағы мектебінде ұйымдастырылды.

Аталған іс-шараға ҚР Парламент мәжілісінің  депутаты Ирина Смирнова, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай,  Шымкент қаласы білім басқармасы бастығының міндетін атқарушы Айгүл Текебаева, Алматы Менеджмент Университеті және Назарбаев Зияткерлік Мектебі педагогикалық шеберлік орталығының  сарапшылары, Шымкент қаласы мектептерінің 80 директоры қатысты.

Сонымен қатар іс –шараға Ақтөбе, Көкшетау, Нұр-Сұлтан және Қызылорда қалаларынан делегация келді.

Іс-шараның басында AlmaU ректоры Гүлмира Курганбаева сөз сөйледі. Спикер Шымкент қаласының ғылым мен білімнің орталығына айналғандығын атап өтті. Мектептердің 80 директоры білім саласындағы МВА-ның трансформациялау бағдарламасынан өткендігін айтты.

Қысқа мерзімді курс кезінде әрбір тыңдаушы корпоративтік мәдениет  моделін  өзгертті. Олар білім беру ортасында өзгерістер жасауда нағыз көшбасшысы болады. Спикер VI шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ирина Смирноваға институционалдық деңгейде заң шығарушылық билікке қатысқаны үшін және назар аударғаны үшін алғыс білдірді.

Гүлмира Курганбаева: "білім беру жүйесін жақсартудағы өзгерістер мұғалімнен басталады. Мұғалім - елдегі негізгі адам және ұлттың өзгеруі ұстаздан басталады. Бұл жай ғана сөз емес,  шындығында мұғалім жаңа академиялық бағдарламаларды, маңызды және жүйелі жобаларды ұсынады. Сіздер, директорсыздар және әрқайсыңыз жеке мектеп басшысы  болғандықтарыңызға қарамастан, осы курстың арқасында бір команда болып жұмыс істегендіктеріңіз қуантады. Яғни сіздер үйренуге дайынсыздар, сіздер білімдеріңізбен бөлісіп, бір-бірлеріңізге үлгі болдыңыздар. Әр қайсыңыздың жеке пікірлеріңіз бар, әр қатысушының-құнды ойлары бар.  Мұғалімге –әр уақытта сенім артқан. Білім берудің мақсаты-адамды тәрбиелеу және мәдени кодты қалыптастыру. Жадырап тұратын мектеп директорына-ата-аналар мен балалар сенім артады және ол мұғалімдерді жігерлендіретін шабыттандыратын көшбасшы. Бүгін біз үлкен мықты командалардан қандай керемет  ой туындайтынын көреміз. Сіздер серіктес болып, бірлескен жобалар жасадыңыздар. Алдағы уақытта сіздер жаңа жобалар жасайтын боласыздар. Бір облыста жасалған білім беру саласындағы  шағын бір өзгеріс басқа салаларға да  өзгерістер алып келді деген ойдамыз. Бұл Шымкент қаласы әкімдігі мен  Қалалық білім басқармасы тарапынан жасалған үлкен қолдаудың арқасында жүзеге асты. Сіздер орта білім беруді қалай өзгертіп,  дамытуға болатындығын көрдіңіздер".

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова: "Мен осындай жобаның бар болғандығына өте қуаныштымын. Елбасының 2015 жылғы Жолдауында: "5 реформа жүргізу қажет және қазіргі замандағы  ең басты  қажеттілік ол білім  болып табылады" деген сөздері  ойға оралады. Бүгінгі іс- шара-сол жолдауға жауап болып табылады. Білім беру-бүгінгі таңда ең бастысы іс. Біз Жапония мен Оңтүстік Кореяның тәжірибесіне қараймыз және соны үлгі етеміз. Себебі, ең басты капитал ол- адам екенін білеміз. ҚР Президенті педагог міртебесі туралы Заң құрастыруды тапсырған еді, қазіргі уақытта мұғалімдік қызметтің тағдыры шешілуде, бұл мәселе  Сенатта  талқылануда. Мұғалім директордың талап етуі бойынша жұмыс істейді. Сіздерге сәттілік тілеймін және AlmaU-ға, Шымкент қаласының басшылығына алғыс білдіремін. Білім беруді дамытудың барлық үрдістері  Шымкент қаласынан бастау алуда, өйткені бұл көптеген  жаңа да тың  идеялар туындайтын мекен".

Сұрақ жауап әдісі бойынша сөз сөйлеу реті анықталды

Іс-шара барысында мынандай сұрақтар қойылды:

Бірінші модульдің басталу мерзімі қашан? (маусым)

Какое структурное подразделение AlmaU –дың қандай бөлімі  "Білім берудегі менеджмент" бағдарламасын жүзеге асырады? (Білім беруді дамыту институты)

Курстың соңғы модулін атаңыз? (Инновациялық технология)

"Білім берудегі менеджмент" бағдарламасының жетекшісі кім? (Алмагүл Канагатова)

Команда құру модулінің тренері кім? (Ербол Исмаилов)

Белсенді түрде жауап берген қатысушылар белгіленді.

 

Сарапшылар тобының мүшелері:

Ирина Смирнова - Сарапшылар тобының төрағасы

Шымкент қаласы білім басқармасы бастығының міндетін атқарушы Айгүл Текебаева, Алматы Менеджмент Университеті және Назарбаев Зияткерлік Мектебі педагогикалық шеберлік орталығының сарапшылары,

Қайрат Нұртай - Шымкент қаласы әкімінің орынбасары

Айгүл Текебаева – Шымкент қаласы білім басқармасы бастығының міндетін атқарушы

Гүлмира Курганбаева –AlmaU ректоры

Динара Айтбаева – Назарбаев Зияткерлік Мектебі адам ресурстарын басқару  департаменті бойынша директордың орынбасары

Алмагүл Канагатова –  AlmaU бірінші проректоры

Әсел Арынкызы –AlmaU –дың академиялық даму жөніндегі проректоры

Альбина Салимбаева - Дизайн Thinking Live жобасының жетекшісі, жобаларды басқару және  стратегиялық даму бойынша сарапшы

Алина Хамадинова – білім саласының сарапшысы, коуч

Канат Байболов – М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің проректоры

Альмира Ибашева – Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің физика-математика факультетінің деканы

Айымгүл Тлеужанова-AlmaU инновациялық бағдарламалар орталығының директоры

Бірінші болып "орта мектептегі корпоративтік мәдениетті басқару" жобасы көрсетілді, жобаның ғылыми жетекшісі стратегиялық коммуникация саласының сарапшысы Ербол Исмаилов болды. Аталған жоба командасының құрамында: Балкан Касимов – Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы "Назарбаев Зияткерлік Мектебі" АҚ директоры, Айжан Абылова – №127 ОМ директоры, Құттықыз Ахметова – №93 ОМ директоры, Валида Мусаева – №14 ОМ директоры, Фарида Мырхеева – №6 ОМ директоры, Жанна Кулбекова – №57 ОМ директоры, Берикбай Михеев – №83 ОМ директоры, Ерхан Нұрсейітов – №66 ОМ директоры, Найля Ширтаева – №31 ОМ директоры, Мөлдір Сахова – №60 ОМ директоры, Гүлмира Оралбекова –№82 ОМ директоры Нұрбол Шырынбеков, Шымкент қаласындағы химия – биология бағытындағы НЗМ АҚ Нағима Дарыбаева, №51 ОМ директоры Ағабек Ешентаев болды.

Жобаның миссиясы мен стратегиясымен қатар тыңдаушылар мектептің негізгі құндылықтарына, мұғалімнің жұмысына әсер ететін факторларға және оқушылардың дағдыларын қалыптастыру үшін ата-аналардың жауапкершілік дәрежесіне және болашақ мұғалімнің моделіне байланысты  жүргізілген сауалнамаға (500-ден астам респондент қатысты) тоқталды. Осы жобаның басты мақсаты- мектептерде корпоративтік мәдениетті қалыптастыру  бойынша ұсыныстар жасау болып табылады. Мектептің  өзіндік корпоративтік стилін қалыптастыру, әдеп кодексі   мен  нормативтік-құқықтық актілер тізімін құру арқылы  білім беруді басқару. Сондай-ақ, әкімдік өкілдеріне арыз- шағым жасалмайтын мектептерді  ынталандыру мақсатында оларға  "үздік ұжым"  ретінде марапаттау  ұсынылды. Жобаны таныстыру аяқталғаннан кейін команда мүшелері сарапшылардың сұрақтарына жауап берді.

Келесі кезекте Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай  сөз алды.

Қайрат Нұртай: «AlmaU-мен бірге өте маңызды  жұмыстар атқарылды. 2013 жылдан бастап Шымкент қаласының тарихын зерттеліп, нәтижесінде ЮНЕСКО аясында Әбу Насыр Әл-Фарабидің туған күніне 1150 мың жыл толатынын және біздің қаламыздың құрылғанына 2200 мың жыл толатынын, сондай-ақ біздің шырайлы қаламыз ТМД-ның мәдени астанасы ретінде бекітілгені жайлы тамаша жаңалықпен бөліскім келеді»-деді.

Сөз соңында спикер жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде  қосқан үлестері үшін мұғалімдер мен директорларға алғысын білдірді.

Бұдан кейін шыққан  команда "оқушылардың өзін-өзі реттеу үдерісіне  үйрету  үшін жоба технологияларын енгізу және пайдалану" тақырыбында жобасын көрсетті. Аталған  жобаның ғылыми жетекшісі, бизнес-тренер Альбина Салимбаева болды. Бұл жұмыстың зерттеу нысаны Шымкент қаласының жалпы білім беретін орта мектептерінің 8-11 сынып оқушыларында жоба  қызметін ұйымдастыру және басқару процесі болып табылады. Зерттеу барысында жоба  қызметін пайдалануда командада жұмыс істей білу, сенімді тұлға және дербестік маңызды рөл атқаратынын анықтады. Сонымен қатар 1445 респондент арасында сауалнама жүргізілген, оның ішінде 10 мектеп директоры, 669 оқушы, 254 педагог және 512 ата-ана қатысқан. Жұмыста оқытуда жоба жасау қызметін енгізу кезеңдері ұсынылды, сол арқылы келесідей ұсыныстар берілді: қала мектептерінде оқытуда жоба технологиясын  жүйелі түрде енгізу айтылған. Сондай ақ ата-аналарға, жергілікті қоғамдастықтарға оқушыларды  сабақтан тыс уақытта жұмыспен қамту мәселесін шешу құралдарының бірі ретінде жоба қызметін  пайдалану ұсынылады.

Келесі жоба көрсету эстафетасын алған команда "мектептің стратегиялық дамуы" атты жұмыстарын айтты, оның ғылыми жетекшісі, білім беру саласының сарапшысы Гүлмира Курганбаева болды. Зерттеу барысында олар шетелдік мектептердің тәжірибесін зерттеген, дайындық барысында альфа және Z ұрпақтарының ерекшеліктерін ескереді. Негізгі қолданған кейстері: санды және кәсіпкерлік мектептер (BTS). Зерттеудің негізі ретінде болашақ мамандықтардың атласы мысалға алынған. Сондай-ақ оқушы мен оқушы  үлгісі жасалған. Мысалы, оқушы цифрлық қарым-қатынас дағдыларын меңгерген, жобаларды енгізе алады және жоғары IQ & EQ-і бар. Мұғалімнің көшбасшылық қасиеттері бар, сандық технологияларды игерген маман, күйзеліске төзімді, аралас мамандықтарды меңгерген, командада жұмыс істей алады және коммуникабельді. Жобаның қызықты сәттері чат-боттарды және оқытудың аударылған сынып тісілін қолдану болып табылады.

Келесі  команда "Шымкент қаласы мектептерінің білім беру үдерісіне STEAM технологиясын енгізу" атты жобаны көрсетті, жобаның ғылыми жетекшісі Әсел Арын болды.

Жобамен жұмыс істегендер: Айгүл Байбосынова - №10 ЖББОМ директоры, Разия Бейсебаева, №128 ЖББОМ директоры, Эсма Бекзатова – №56 ЖББОМ директоры, Жанна Буркулова – №46 мектеп-лицейінің директоры, Сәуле Даулетчинова – химия-биология бағытындағы НЗМ АҚ Бас бухгалтері, Жанар Ермекбаева – №84 ЖББОМ директоры, Каныткүл Жанабаева – №78 ЖББОМ директоры, Шадия Жиенова – №81 ЖББОМ директоры, Балжан Куртаева – №103 ЖББОМ директоры, Гүлхан Сандыбаева – №64 мектеп-гимназиясының директоры, Зарета Сапаркулова – №30 ЖББОМ директоры, Абдіхалық Тажен – №76 ЖББОМ мектеп директоры

Команда 18 мектептен 91 респондент арасында онлайн-сауалнама жүргізу арқылы STEAM-білімнің дамуына талдау жүргізген. Сауалнама нәтижелері бойынша респонденттердің 79,1% - ы STEAM технологиясын енгізу қажет деп санайды. Нәтижесінде SWOT-талдау жасалды, ол қала мектептерінде STEAM технологиясын енгізу бойынша одан әрі қадамдарды әзірлеу үшін нақты көрініс берді. Сондай-ақ, Шымкент қаласы мектептерінің білім беру үдерісіне STEAM технологиясын енгізу жобасы әзірленген.

Сондай-ақ, Шымкент қаласы мектептерінің білім беру үдерісіне STEAM технологиясын енгізу жобасы әзірленген.

"Мектептегі таланттарды басқару: педагогтар мен мектеп директоры өмірінің жаңа дизайны" тақырыбындағы жобасымен шыққан  команданың жұмысы  залдағы қатысушыларды  бей-жай қалдырмады. Жобаның ғылыми жетекшісі Алмагүл Канагатова. Бағдарлама тыңдаушыларының авторлық ұжымы: Жанар Тойлыбаева, №23 мектеп-лицей директоры, Қарлығаш Құрманбекова – №28 ЖББОМ мектеп директоры, Роза Жаңабаева – №25 мектеп-гимназия директоры, Ауесхан Мауленов – №98 ЖББОМ мектеп  директоры, Васила Абылбаева – №120 ЖББОМ мектеп директоры, Бахытжан Наурызбаев, №99 мектеп-гимназия директоры, Баян Есімова - №124 ЖББОМ мектеп директоры, Раушан Алмаханқызы - №7 мектеп директоры.

Команда өз жобасын Шымкент қаласының №23 мектебінің кейс үлгісінде көрсетті. Тәжірибе жасалатын ортаға жергілікті ЖОО-мен ынтымақтастық арқылы мықты кадрларды жұмысқа шақырылады. (М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті және Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті). Қазіргі мектептің педагогикалық ортасында таланттарды басқару бойынша ұсыныстар берілді және мектеп директорларын басқаруда коучинг тәсілі ұсынылды.

Команданың дайындаған "Бюджеттеу, мектепті жан басына қаржыландыру" атты баяндамасы ерекше болды, ғылыми жетекшісі сертификатталған тренер Сәуле Байсеркеева. Жан басына қаржыландыру (жан басына шаққандағы, мемлекеттік және жергілікті) бәсекелестікті дамытады және ата-аналарға өз балалары үшін мектеп таңдауға жағдай жасайды деді. SWOT-талдау жасалды, оған 3200 оқушы қатысты, 2130 ата-ана мен 200 мұғалім жоба барысында дайындалған сұрақтарына жауап берген және бұл мектептің смарт-жоспарын белгілеуге және оның артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтауға көмектескен.

Жарыс эстафетасын алған келесі  команда "Мектептің педагогикалық дизайнын трансформациялау" атты жобасын көрсетті, ғылыми жетекшісі Айымгүл Тлеужанова. Жобаның авторлық ұжымы: Хулкар Джамалова - №104 ОМ директоры, Надирхан Имамсидиков – №113 ОМ директоры, Жамила Каратаева – №97 ОМ директоры, Ақмарал Қосаева – №100 ОМ директоры, Әсет Сатыбалдиев – №125 ОМ директоры,  Гүлжан Тұрғанбаева – №122 ОМ директоры, Ғалымжан Алматов – №129 ОМ директоры, Балжан Дурен – №91 ОМ директоры, Богдан Жуманов – №2 ОМ директоры, Сәуле Исабекова – №116 ОМ директоры. Білім беру мен басқарудың цифрлық формат бойынша  тәсілдері, мектепті электрондық басқару және онлайн-оқыту жүйесі ұсынылды.

Жобаларды қорғау аяқталғаннан кейін іс – шараның ең басты да қызықты сәттерінің бірі -тыңдаушыларға дипломдар табыс етілді.

"Білім берудегі менеджмент" бағдарламасы Алматы Менеджмент Университетінде алғаш рет басталып, қазіргі уақытта Шымкент қаласының білім беру саласында жалғасын табуда. Бағдарламаның практикалық маңыздылығы зор және мектептерде өзгеріс жасайтын командалар дайындалуда.

Алматы Менеджмент Университет - "Білім берудегі менеджмент" атты МВА бағдарламасы бойынша мамандарды дайындайтын Қазақстан Республикасындағы алғашқы университет. Алматы Менеджмент Университеті Шымкент қаласының басшылығына және білім басқармасына осы бағдарлама аясында қала мектептерінің директорларын оқытудың маңыздылығын түсініп, қолдау көрсетіп көмектескендері  үшін үлкен алғысын айтады.

Бөліс: